Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 9 сынып. Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2бөлім. Тарихи шындық пен көркемдік шешім | Мектеп: С. Есқараев атындағы № 27 орта мектеп
| ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шара Мирханқызы Нақыпова | ||||||
Сынып: 9 Пәні: Қазақ әдебиеті | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.Т/Ж2 Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау. 9.Б/С2 Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Махамбеттің «Баймағанбетке айтқаны» өлеңіндегі көтерілген басты мәселені талдайды, талқылайды. Шығармаға заманауи тұрғыда баға береді.
| ||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Шығармадан автор психологизмді қай тармақтардан көрінетінін анықтайды. Махамбет бейнесінің жаңашылдығына өз пікірін айтады. | |||||||
Кейбір оқушылар: | |||||||
· Махамбет стиліне тән сөз қолданыстарын тауып, талдайды. Ақынның әдебиетте алатын орнына заманауи тұрғыда салыстырып баға береді. | |||||||
Бағалау критерийі | Толғауда көтерілген басты мәселені талдайды, Махамбет стиліне тән сөз қолданыстарын тауып, талдайды. | ||||||
Ойлау деңгейі | Түсіну, жинақтау, бағалау. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Махамбет батыр, Исатай батыр туралы білгендерін ортаға салып айтады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер Хандық-ханства, жер – земля, садақ-лук Ат –лошадь, сұлтан- султан ақсүйек-дворян тақсыр - Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер «Исатай - Махамбет» қозғалысы, махамбет шығармашылығы, терме,толғау,жыр. Талқылауға арналған сұрақтар Махамбет неліктен күйзеліске түседі? Елім, Жерім туған өлкем деп шырылдауының себебі неде? | ||||||
Құндылықтарға баулу | Құрмет, жауапкершілік, ынтымақтастық. Табиғатқа, елге, жерге деген сүйіспеншілін арттырады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы 7-сынып, | ||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | |||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Шаттық шеңберіне жиналу арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады. ҚБ Мадақтау. Оқушыларды Жер-су аттары жазылған қиынды қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді. 1топ Еділ 2топ Жайық 3топ Көкше ҚБ. Мадақдау
Үй тапсырмасымен жұмыс. Графикалық диктант бойынша өткен сабақтан сұрақтар беріледі. · Нысанбай жырау шешен болған · «Кенесары – Наурызбай» дастаны тарихи оқиға туралы · «Кенесары – Наурызбай» дастанында батырлар бейнесі көрініс табады · Шығармадағы басты кейіпкер Қазтуған · Дастанды 1912ж Қазан қаласында кітап етіп басып шығарды. · Нысанбай жырда Қазтуған жайлы айтпады · «Сарыарқа» «Ақиқат» Нысанбай жыраудікі · Дастан комедия жанрында жазылған · Тәуелсіздікті аңсаған Нысанбай жырау · Дастанда әскери жорықтарымен тарихи жерлерді аралайды ҚБ.Мадақтау «Қол соғу»
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | АКТ мүмкіндігі
| |||||
Сабақтың ортасы 30 мин | ТЖ. Мәтінмен жұмыс. «Тыңда, Оқы, топтас, талқыла» әдісі бойынша Махамбет Өтемісұлы туралы және шығармаларына шолу видео көрсету. «Махамбеттің Баймағанбетке айтқаны» өлеңін тыңдап оқиды. Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін зхаманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығын анықтайды. 1топ: Өлеңдегі автордың ішкі сырына назар аударады. Ақынның мақсаты мен арманын талдап, сипаттап жазады. 2 топ: Біз бір енеден бір едік Бір енеден екі едік, Екеуіміз жүргенде. Бір-бірімізге ес едік, Бір енеден үш едік . Үшеуіміз жүргенде, Толып жатқан күш едік. Бір енеден бес едік , Бесеуіміз жүргенде. Алашқа болман деуші едік, Өтемістен туған он едік. Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік, - денген өлең жолдарындағы ақынның айтпақ ойына мән беріп, психологизмді анықтайды. 3топ: «Махамбет батыр» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады. Сөзжұмбақ құрастыруда ақынның өмір жолын, шығармашылығын негізге алу қажет. ҚБ «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
«Дананың кілттері» әдісі. Оқушылар бірнеше кілттерге тән тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар қолдану, талдау, жинақтау, бағалау, салыстыру деңгейлерінде құрылған. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырады, сыни ойлау арқылы мәселені жан-жақты талдауға, сынауға , бағалауға үйренеді. “Қиыстыру” кілті – Шығарма оқырманға қалай әсер етеді? Шығармадағы кейіпкерлер бейнесіндегі ортақ мәселені үйлестіріңіз. “Кемшіліктер” кілті –Шығармадан қандай кемшілік байқадыңыз? Қай кейіпкердің сөзіне келіспейсіз? Немесе толғаудағы кемшіліктер қандай? «Егер де» кілті – Егер де сіз автор орнында болсаңыз шығарманы қалай аяқтар едіңіз? немесе қай эпизодқ өзгеріс енгізер едіңіз? “Конструктор” кілті – Шығармада автор ұлт трагедиясын қалай суреттеген? Шығарманың оқырман үшін тәрбиелік мәнін ашыңыз. “Жаңа дизайн” кілті – Шығармадағы автордың жаңашылдығын қалай бағалар едіңіз?
Ж.Ж «Өзіңді тексер» әдісі Салыстыру кестесі МахамбетБайланысыБаймағанбетҚБ.Мадақтау |
Қазақ әдебиеті 9 сынып «Атамұра» баспасы
| |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. «Табыс сатысы» әдісі Мен ...............білемін Мен................түсінемін Мен................ жасай аламын.
Үйге тапсырма: Жырды жатқа айту.
| ||||||
Қосымша мәлімет | ||
Саралау- Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара көмек көрсету жүзеге асырылыды. Барлық оқушылар толғаудың мазмұнын түсінеді, біледі. Оқушылардың көпшілігі шығармадан автор психолгизмді анықтап, өз көзқарасын айтады. Кейбір оқушылар сараланған тапсырмаларды орындап, өз пікірін жүйелі түрде жеткізеді. | Бағалау - Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз бір ұсыныс» «смайликтер» мадақтаулар және кері байланыс арқылы бағалайды. Жеке жұмыстарды жинап алып, қосымша үйден өзім де кері байланыс беремін.
| Денсаулық АКТ мен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелері ескеріледі. |
Рефлексия | ||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1 2 |
Қалыптастырушы бағалау
Тапсырма
Бөліне көшкен еліңді,
Бөріккен қойдай қылармын.
Жарылы көшкен еліңді,
Жаралы қойдай қылармын - деген сөз қолданыстарына назар аударыңдар. Осы сөз қолданыстарын негізге ала отырып, сол кездегі тұрмысы мен жағдайын тарихи тұрғыдан баяндап беріңдер. Түсінгендеріңді көркем әңгімеге айналдырып жазыңдар.
Бағалау критерии | Дескриптор |
Толғауда көтерілген басты мәселені талдайды,
| - Толғаудағы махамбет бейнесінің ерекшелігін анықтайды. - автор ойы арқылы көтерілген басты мәселені анықтайды.
|
Махамбет стиліне тән сөз қолданыстарын тауып, талдайды. | - Толғаудан Махамбет стилін танытатын жолдарды анықтайды. - өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтайды |