Ашық сабақ, Қазақ әдебиеті. 11 сынып. Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 02-10-2019 6846

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:    22.10.2019 ж

Сынып:   11 «Ә» сынып

Қазақ әдебиеті

Мектеп:  ШҚО, Семей   қаласы,

«№47 жалпы орта білім беретін   мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Далбина Жанар Кайрбековна

Қатысқандар:                           Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

 Сәкен   Сейфуллин. «Сыр сандық» өлеңі, «Көкшетау» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес)

1.      С.Сейфуллиннің     шығармаларын түсініп оқып,   негізгі ойды табу, оқушылардың  тақырыпты жан-жақты талдау жасау дағдыларын   жетілдіру.

2.       

Сабақ мақсаты

3.      Барлық оқушылар   орындай алады:  С.Сейфуллиннің     шығармаларын түсініп оқып, негізгі ойды табады, тақырыпқа жан-жақты талдау жасайды

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Ақынның    шығармаларын түсініп оқып, негізгі ойды   табады, тақырыпқа жан-жақты талдау жасайды

Кейбір оқушылар орындай алады:   Ақынның    шығармаларын түсініп оқып,   негізгі ойды табады, өлеңге  сатылай   кешенді талдау жасайды.

Бағалау критерийі

С.Сейфуллиннің     шығармаларын түсініп оқып, негізгі ойды табады;

тақырыпқа   жан-жақты талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай   алады

        Мәтіндерді оқиды,   талдайды; (оқылым, айтылым)

        Авторға, оқырманға   хат жазады. (жазылым)

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Сіздің пікіріңізше, .... не айтар   едіңіз,менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай   себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қалай   ойлайсыңдар, қалмақ қызының орнында болғанда сендер не істер едіңдер?

2.«Көкшетау»   поэмасындағы кейіпкерлерден кімге ұқсағыларың келеді?

3.Адақтың   бейнесін жасай отырып, ақын не айтпақшы болған?

4.Өздерің автор   болсаңдар поэманы қалай аяқтар едіңдер?

Құндылықтарға баулу

4.      «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының  «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана»   құндылығы негізінде  жас ұрпақты ақын   шығармалары арқылы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, тазалыққа,   мейірімділікке, достыққа  тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, өзін-өзі тану

Осы пәндерден алған  білімдерімен пәнаралық байланыс жасаймын.

Алдыңғы білім

С.Сейфуллиннің  өмірі мен шығармашылығы туралы  жалпы білімдері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(6 минут)

 

Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)

Топқа топтастыру.  Аттары жазылған таяқшаны алып, топқа бөлініп   отырады.

Топтардың атауы:     №1;  №2; №3 .

1-тапсырма. /Т/.  Үй тапсырмасын пысықтау

1-топ. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы;

2-топ. «Көкшетау» поэмасы туралы;

3-топ. «Көкшетау» поэмасының композициялық құрылымы.

   Қосымша: Жанрлық  формасы   жағынан «Көкшетау» - күрделі композициялы, сан алуан образдар галереясы   жасалған, бірнеше сюжет желісі бар, әр түрлі көркемдік деңгейдегі стильдік   жүйелердің басын біріктіретін полифониялық, көп әуезді, мол сарынды поэма.

Ой қозғау.     Қалай ойлайсың?

1.Қалай   ойлайсыңдар, қалмақ қызының орнында болғанда сендер не істер едіңдер?

2.«Көкшетау»   поэмасындағы кейіпкерлерден кімге ұқсағыларың келеді?

3.Адақтың   бейнесін жасай отырып, ақын не айтпақшы болған?

4.Өздерің автор   болсаңдар поэманы қалай аяқтар едіңдер?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру.

Тақырып: «Сәкен   Сейфуллин. «Сыр сандық» өлеңі, «Көкшетау» поэмасы»

5.      Мақсаты: С.Сейфуллиннің   шығармаларын түсініп оқып, негізгі ойды   табу, оқушыларды  тақырыпты жан-жақты талдау жасау дағдыларын жетілдіру.


Сабақтың ортасы

(28  минут)

10  минут

(3 минут+

3 минут +

4 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10  минут

(5 минут+ 5 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     8 минут

(4 минут + 4 минут)

2-тапсырма: /Т/./С/. «Сыр сандық» өлеңін  оқып шығып,  «ДЖИГСО»   тәсілі  арқылы талдап  және келесі топқа өз   мәтіндеріңізді таныстырып, сұрақтар қойыңыздар

(«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары топпен жұмыс жасайды. Топ мүшелері толықтырады.  (Өлеңді топтың оқу жүйесі: І топ- 1,2,   3,4;  ІІ топ- 5,6,7,8,9,10,11;  ІІІ топ- 12,13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20,   21 шумақтары).

1. Ақын жалған және адал достықтың айырмасын қалай   суреттеген?
  2. Өз жанының ішкі нәзік сезімін неге балайды?
  3. Ақын сырын ұғу үшін сезім қоймасынан нені қалай іздеу керек дейді?

Дескриптор:

-Өлеңді оқиды;

-басқа топқа   таныстырып, сұрақтар қояды.

Күтілетін нәтижесі:

Әңгімелерді талдай отырып, қазіргі өмірмен байланысын   көрсете алады.

ҚБ. «Бағалау парағы» арқылы топ басшыларының бағалауы

 

І топтың жауабы: Жалған достар   қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып,қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік   кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес,жалған дос.Нағыз достар   сырын ақтарып,бірін-бірі ұғынып,сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың   жан сарайы,жүрегі-берік қойма тәрізді. Оны ақтаруға кез-келгеннің қолы жете   бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.

ІІ топтың жауабы: Сәкен де сағына   сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының     ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.Ақын досының ішкі сырын   Сарыарқаның биік шыңдарына ,оның қалың нулы орманы,мұз бұлақтары мен табиғи   байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме-досының жан дүниесі.

ІІІ топтың жауабы: Сол тауда биік   шың бар,шың басында қойма бар, онда қымбат жасау бар, сол асыл бұйым, ғажап   перне, сен оның кілтін тауып аш та,сым пернені басып қара, дұрыс бассаң ғана   сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы-досының жан дүниесі,жүрегі.   Адамның жүрегі- алтын қойма, оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша   алады.  Ол- шынайы досың, жаныңды  ұғатын жан.

Сұрақтар:

1. Ақын жалған және адал достықтың айырмасын қалай   суреттеген?
  2. Ішкі сырын ақтаратын жан іздейді.
  3. Өз жанының ішкі нәзік сезімін неге балайды?
  4. Ақын сырын ұғу үшін сезім қоймасынан нені қалай іздеу керек дейді?

 

3-тапсырма.   /Т/./ЖЖ/. Өлеңді талдаңыздар.

Ітоп: Өлеңнің тақырыбын, идеясын, жанрын анықтаңыз;

ІІ топ: Өлеңді құрылысына қарай талдаңыз;

ІІІ топ: Өлеңнің тіліне талдау жасап, сөз айшықтарын   табыңыз.

«Сыр сандық»   өлеңі    СКТ:

1.Авторы: С.   Сейфуллин 1894-1938 жылдары                                       өмір   сүрген ақын, қоғам қайраткері;

2.Тақырыбы: Адал достық   пен жанама достық;

3.Идеясы:Адамгершілік   асыл қасиеттерді дәріптеу,   адалдыққа,   шынайылыққа үндеу;

4. Жанр түрі: Лирика   (көңіл- күй лирикасы);

Лирикалық кейіпкер: ақынның өзі;

5. Шумақ саны: 21;

6. Тармақ саны: 84;

7.Бунақ саны: 2;

8. Буын саны: 7- 8 буынды;

9. Ұйқас түрі: шалыс ұйқас;

10. Әдеби- теориялық ұғымдар:Троп- сөзді   құбылту.

а) Эпитет: Нағыз дос, сымбатты тау, құзды шат, аққан   су,сылдыраған

бұлақ,шың басы, алтын жазу,қымбат жасау, асыл сым,алтын   сарай, сұлу

сым, мұз бұлақ, берік қойма, т.б.

ә) Омоним, көп   мағыналы сөздер: қол, кілті, беті,   жасау, т.б.

 б) Еспе қайталау:

    Сыр сандықты ашып қара, ашып қара,   сырласым,

    Сым пернені басып қара, басып қара,   жырласын.

в) Түсіндірме   сөздік: сыр- әркімнің өзіне тән, өзгеге белгісіз ойы;

    сандық- әр   түрлі бұйым салуға арналған, ағаштан жасалған үй жиһазы;

    зеңгір құз-   биік жартас, тұңғиық шыңырау.

Дескриптор:

- Өлеңнің   тақырыбын, идеясын, жанрын анықтайды;

- Өлеңді құрылысына қарай талдайды;

- Өлеңнің тіліне талдау жасап, сөз айшықтарын табады.

Күтілетін нәтижесі:

Ақын шығармасын түсініп сатылай кешенді талдау   жасай алады.

ҚБ.  «Бағалау парағы» арқылы топ   басшыларының бағалауы

 

4-тапсырма. /Ж/ РАФТ стратегиясы   арқылы  50 сөзден тұратын хат, ойтолғау    жазыңдар

1-топ: Авторға  хат жазыңдар

Роль: оқушы

Адресат: авторға

Форма: хат

2-топ: Досыма  хат жазыңдар

Роль: ақын

Адресат: дос

Форма: хат

3-топ: Достық туралы ойтолғау

Роль: оқушы

Адресат: авторға

Форма: ойтолғау

Мақсаты:  жазушы, дос, оқушы болып өз ойын еркін айта   біледі.

Дескриптор:

-оқырманға,   кейіпкерге, авторға 50 сөз көлемінде хат, ойтолғау, эссе жазады;

-Өз ойын еркін айта   алады.

Күтілетін нәтижесі:

Жазушы, ұлтжанды тұлға, оқушы болып өз ойын   еркін айтады, қазіргі өмірмен байланысын көрсете алады.

ҚБ.  «Бағалау парағы» арқылы топ   басшыларының бағалауы

Қазақ әдебиеті

(жаратылыстану-математикалық бағыт) 11сынып.

С.Ч.Тұрсынғалиева,А.Ж.Такишева.

«Арман-ПВ» баспасы,2014 ж

96-104 бет

Сабақтың соңы

(6 минут)

4  минут

 

 

2 минут

Рефлексия.

«Қ.Қ.Қ» тәсілі арқылы

-Мен үшін    сабақта.......қызық

-Мен үшін         ................қиын

-Маған.............................қажет

Үйге тапсырма:

1.      1.Міндетті:  Эссе «С.Сейфуллиннің   «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарастарыңызды   танытып, сыни талдау жасаңыз»

2.      2. Шығармашылық : Өлеңнен үзінді   жаттау.



Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек   қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай   тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды   игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін   пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен   деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға   қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту   мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе   жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі   сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

 







 


Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. «Егіннің бастары» мысалы
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Асқар Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу