Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 10 сынып. Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы
Сабақ жоспары
Сабақ : № 15 | Колледж: Ақтөбе автожол колледжі | |||
Күні: 07.08.2020 | Мұғалім: Айнабекова Ш.С. | |||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: 25 | Қатыспағандар:
| ||
Сабақтың тақырыбы: | Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік. М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді. «Компьютер басты жарты адамдар». | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; 10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну. 10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас -монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу;
| |||
Сабақ мақсаты: | Мәтін үзінділеріндегі сандық технология бойынша ақпараттарды жетілдіру, қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіру. «Пікірталас-полилог» түрінде тақырып бойынша ойын еркін айта білу. | |||
Құндылықтарды игерту: | Өзінің және өзгелердің пікіріне құрметпен қарап, дұрыс бағалай білуі керек. Тапсырмаларды нұсқаулық бойынша орындауда, бір-біріне қолдауы көрсетуінде көрініс табады. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын дамытады.
| |||
Пәнаралық байланыс: | АКТ, қазақ тілі | |||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Камера алдында дұрыс отырып, ойын еркін айта білуі қажет. Даусы анық шығу керек. | |||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: тіл қатыпты, зерек, ғаламдық, жалаң білім, материалдық игілік, мониторкөз, компьютербас, даңғаза. Пікірталас-полилог үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; | |||
Осыған дейін меңгерілген білім | М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақ басы 5-минут | І.Ұйымдастыру кезеңі • Оқушылар назарын сабаққа аудару • Кезекшімен сұхбат • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Өлеңнің үзіндісі арқылы өтетін тақырыпты болжау. Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді, Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді. Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын, Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын Өз ұлтының рухани байлығына жалғады.
Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап, Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат? |
https://www.youtube.com/watch?v=4y_ZcnZgqS4 | ||
Сабақ ортасы 10-минут
15-минут
| Тапсырма: Мұхтар Шаханов "Өркениеттің адасуы" атты романнан Компьютербасты жарты адамдар, (Рухсыз күш формуласы) атты өлеңді мәнерлеп оқып шығыңыздар. «Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты, Қонақтары сұрапты: - Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған? - Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам. - Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді, Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді. Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын, Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын Өз ұлтының рухани байлығына жалғады, Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады. Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады, Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады. Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында, Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам! Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы? Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады. Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар, Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар. Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір, Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір. Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына, Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына? Бұл қазаққа көз өткен бе, Тілдің мұңын сөз еткенде Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар... Ұлтсыздардың бәрі - рухи мүгедектер, жартылар. Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар, Бар назары материалдық игілікке тоқталар. Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар, Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар. Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге: Білім алып келсін дедік, Жер, ел танып көрсін дедік Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме? Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап, Білім Рух болуы үшін ажырамас қос қанат? Қай кезде де білім - күшің, әрі нұрлы жетегің. Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін Кім ойлапты құдайым-ау, егер ұры қаншама, Зор білімін қулығына қару етсе жан сала Бейқам елге оның тартар азабы да соншама. Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді, Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді, Қасиетті ата қоныс - өзен-тауын жерсінбей, Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей, Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы, Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды. Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма, Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына? Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына. Адасқандай тылсым нудан, Біз олардың кір су құйған Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық, Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық... Ұлы Ғабит Мүсірепов - қара сөздің кемелі, Бүткіл қазақ рухының еңкеймес бір беделі, Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда Сол соңғы сәт өз күшінің соңғы шамын жаққанда, Ажырамай сенімінен, Діріл қаққан ерінінен, Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған. Шыншыл тұлға жаны дара, Нақ мынадай мағынада Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған: "Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан, Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң. Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса Ұлт даралық таба алмайды, Және ұлы боп саналмайды ешқашан!" Әр жүз қойдан кезінде біз үш жүз қозы алғанбыз, Ғарышқа да құлаш ұрып, Айға түрен салғанбыз. Рас, қазір күллі әлемде байлыққа ауды есіл дерт, Байлығы озса мысықтар да жолбарысша көсілмек. Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес, Ақшаң болса "маймылды" да бастық сайлау сөз емес. Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме? Қарындарды - тек өз қамын ойлаған, Залымдарды - қан төгуге тоймаған, Ұрпақтары үлгі тұтып, орнатуда кесене. Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме? Жол бар ма екен аман өтер пенде-мүдде орманнан, Адамдықтың салтын қайттік, даңқын қайттік қорланған? Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық? Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт. Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе? "Әрбір қимыл - қарсы қимыл тудырады" тірлікте. Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса, Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса, Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын, Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін. Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін Оятпауға құлшынады аңқау елдің намысын... Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны! Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны. Қол қусырып көнеміз бе, Үнсіз жата береміз бе, Робот-түйсік арқаланған, Мейірімі тұл жарты адамдар Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Дөңбекшиді көңіл-ғалам, Бүгін өлу жеңіл маған, Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше...» 2. Тапсырма. Өлеңнен түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсініктеме беру. тіл қатыпты зерек ғаламдық жалаң білім материалдық игілік мониторкөз компьютербас даңғаза 3.Тапсырма. Пікірталас-полилог. Түсініктеме: Полилог (грек. Полyс - көп,логос - сөз, әңгіме) — бірнеше адамның арасында болатын әңгіме. "Полилог" термині тілдін қарым-қатынастық қасиетін зерттеуде "диалог" терминіне косымша кабылданған. Сөйлесушілердін саны екеу немесе одан көп болуы диалогтің сипатына қайшы келмейді, қайта олардың монологке қарама-қарсы ортақ қасиетін аша түседі. Полилог сөйлеу тілінің формасы мен жанрына жатады. Шарты:Топты 3-ке бөліп, бірі жақтаушы, екіншісі жақтаушы, үшіншісі екі жақтың пікірін тыңдай отырып, ұсыныс айтады. 1-адам спикер болады. Пікірталас-полилог үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін 1-топ: Осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме? 2-топ: Бізді қайда апармақ мына заман ақпалы? 3-топ: Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап, Білім Рух болуы үшін ажырамас қос қанат? Бағалау критерийі: Өлеңдегі өзекті мәселе бойынша нақты пікір білдіреді. Спикер нақты деректер келтіріп, ойын ашық айтқан топты бағалайды. Дескрипторы: • Өлеңде көтерілген негізгі мәселені табады; • Мәселенің шешу жолдарын ұсынады
| https://sazalem.com/kk/track/muhtar-shahanov-orkeniettin-adasuy-atty-romannan-komputerbasty-zharty-adamdar
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/19862 | ||
Сабақты бекіту: 5-минут | Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | |||
Сабақ соңы 5-минут | Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды? 2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? | |||