Ашық сабақ. Математика. 4 сынып. Тест сұрақтары мен жауаптары
Мектебі: Көпкүтір БЖББМ
Күні: 18.01.2019
Мұғалімі: Утешова С.М
« Жас математик» жарысы. 4 сынып
Сабақтың мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.Баланың зейінің, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұтымды жауап беруге баулу.
Сабақтың түрі:сайыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі .
Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер , қима қағаздар, тапсырмалар жазылған плакат.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
- Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Математиканың жанккүйерлері ! Адамзат тариғында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Бүгін біз математиканың қыр- сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық.
- Сайыскерлердің білімдерін бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар.
Сұрақтары қиын болсын- дей отырып, ортаға алдынала белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз.
(Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады )
Бүгінгі сайыс 6-кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Алғашқы екі кезеңнен соң , ұпайы аз ойыншылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни « жас математик » қалуы керек.
1- кезең. « Кім жүйрік ?» ( Логикалық есептер).
Сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер 1 қадам алға жылжып отырады.
1) Қандай бұрыш 90 градус бұрыш жасайды ? ( тікбұрыш) .
2) 90 градустан кіші бұрышты ата. ( Сүйір бұрыш) .
3) Қандай түзулер қиылыспайды ? (Параллель) .
4) 90 градустан үлкен бұрышты ата. ( Доғал бұрыш).
5) 8:0 неге тең ? ( Санды 0-ге бөлуге болмайды) .
6) Көбейтудің қандай қасиеттері бар ?
7) Қосудың қандай қасиеттері бар ?
8) Текшенің қанша жағы бар ?( 6 жағы) .
9) Ең үлкен 4 таңбалы санды және ең кіші 4 таңбалы санды ата. ( 9999,1000) .
10) Бөлудің компоненттерін ата ?
2-кезең. Математикалық жұмбақ.
1) Егіз қайық бой-бастары тең өскен,іске дайын, бұтақтары бес-бестен. ( қос қол)
2) Тышқаннан басқа батпаған, бір шланг, төрт баған. ( піл).
3) Жүз төрт түйме, он бір ине. ( есеп шот).
4) Екі аяқты бір ізді, үстіне адам мінгізді . ( велосипед) .
5) Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір-ақ із түсті.(ара).
6) Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз. ( тоңазытқыш)
-Енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.
Нәтиже бойынша осы 2-кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз.
3-кезең. Математикалық диктант.
1) 760-тың 76-ға бөліндісін 10 есе кеміт;
2) 240-пен 360-тың қосындысын 60-қа бөл;
3) 18-дің 5-ке көбейтіндісінен 96-ның 4-ке бөліндісін азайт;
4) 805-пен 217-нің қосындысын 999-бен 998-дің айырмасына көбейт;
5) Ең үлкен 3 таңбалы санға 1-ді қоссаң неше болады?
6) 5-ті 7 есе арттырып, оған 99-ды қос.
4-кезең. « Ойымды жалғастыр».
Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.
1)Білекті бірді жығады, ( білімді мыңды жығады) .
2) Бес саусақ жиналса , ( жұдырық болады) .
3) Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына).
4) Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді).
5) Білгенің бір тоғыз, ( Білмегенің тоқсан тоғыз).
-Ал, енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже бойынша осы 2 кезеңнен ең төмен ұпай алған сайыскерлермен қоштасамыз.
Сәттілік тілейміз!
Енді ең соңғы 5-кезең « Жеңімпаз»
Жеңімпаз оқушыға тапсырмалар беріледі.
1. «Бес» сөзінің бір әріпін өзгертіп, бірнеше жаңа сөз айту. ( 1 мин айту).
2. Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай ? Сен математика пәнін не үшін ұнатасың ?
6-кезең. Қорытынды бөлім.
Қазылар алқасына, келген қонақтарға сөз беру. Оқушылардан сайыстан алған әсерлерін сұрау.