Ашық сабақ. Математика. 8 сынып. Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Oinet.kz 02-10-2019 2188

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Теңсіздіктер

Мектеп: Абай атындағы мектеп   гимназия.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Сыдыкбаева.Борик.Алимхановна.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер   жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары  (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.11

құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен   жиынтықтарды шешу;

 

Сабақ  мақсаттары

  • Қосымша шарты бар екі квадрат        теңсіздіктен тұратын жүйе мен жиынтықты шешу;

  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын        жүйені құруға арналған мәтіндік есептерді шешу.

Бағалау критерийлері

Оқушы

·           Квадрат   теңсіздікті әртүрлі тәсілдермен шешеді;

·           Екі   квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;

·           Екі   квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешеді;

·           Екі   квадрат теңсіздіктен тұратын жүйені құруға арналған мәтіндік есептерді   шешеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін және жиынтығын шешу   жолын түсіндіреді, мәтіндік есептерді шешуде теңсіздіктер жүйесін құруды   негіздейді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

-     квадрат   теңсіздік; теңсіздікті шешу; интервалдар әдісі; теңсіздіктер жүйесі,   теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы/ бірігуі;   теңсіздіктер жиынтығын шешу; жүйенің/ жиынтықтың ең үлкен/кіші шешімдері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады;

Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз, ол ... табу.

Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... қажет.

Осы шешімдердің қиылысуын табамыз.

Теңсіздіктер жиынтығын шешу дегеніміз - ....

Теңсіздіктер жиынтығын шешу үшін ...

Осы шешімдердің бірігуін табамыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге   асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою   және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру,   өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланыс каскадер туралы есепті шешу барысында орын алады,   теңсіздіктер жүйесін құру кезінде   бірқалыпты үдемелі қозғадыстың формуласы қолданылады

                                                                                  .

Бастапқы білім

 

Оқушылар теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін оқып өткен, біреуі   сызықтық, ал екіншісі квадраттық болатын теңсіздіктер жүйесін шеше алады.

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-6 мин

 

 

 

 

 

1.      Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа   дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады.   Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім   бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына   қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

 

2.      Қайталау.

Мұғалім келесі кестені көрсетеді, оқушылар оны негіздейді, жүйе – жиынтық   ұғымдарын қайталайды.

Оқушылар теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығын шешу алгоритмдерін айтады,   олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.

Осыдан кейін мұғалім қайталаудың қорытындысын келтіреді.

 

 

Презентация

Слайд 1-3

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

Слайд 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

Слайд 5

Сабақтың ортасы

 6-20   мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20-27 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27-39 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қолданбалы есепті шешу.

Мұғалім оқушыларға қолданбалы есепті қарастыруды ұсынады, бұл есепті   шешуде физика курсынан белгілі ұғымдар қажет.

Есеп. Фильмді түсіру кезінде каскадер 20 метрлік   үйден секіруге дайындық үстінде.

Бейнекамера жерден 15 м   мен 10 м биіктікте болғандағы құлауды түсіріп алуы қажет. Операторға қай   уақыт аралығында таспаға видеоны түсіру керек.

Оқушылар мұғаліммен бірге есепті шешу жолын талқылайды, содан кейін оны   жеке шығарады, шешу жолын түсіндіреді. Мұғалім кері байланыс ұсынады,   қорытынды жасайды.

 

4. Топтық жұмыс.

Мұғалім оқушыларды деңгей бойынша топтарға   біріктіреді. Оқушылар квадрат теңсіздіктердің жүйесі мен жиынтығын шешуге   тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма. Шешіңіз және жауаптарыңызды салыстырыңыз.   Қорытынды жасаңыз.

         

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, топтар өз   шешімдерін тақтаға іліп қояды. Мұғалім бағалау жүргізеді. Оқушылар қорытынды   жасайды. Мұғалім кері байланыс ұсынады.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар тобы

ü    Квадрат теңсіздікті дұрыс шешеді;

ü    Теңсіздіктер жүйесінің шешімін дұрыс   табады;

ü    Теңсіздіктер жиынтығының шешімін дұрыс   табады;

ü    Жауапты дұрыс жазады;

ü    Алынған шешімдерді салыстырады және   қорытынды жасайды.

 

5. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке өз бетімен орындауға   тапсырмалар ұсынылады. Мұғалім жұмысты орындауды бақылайды, сұрақтар қояды,   дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Тапсырма аяқталғаннан кейін, оқушылар   өзара бағалау жүргізеді, мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша   бағалайды, кері байланыс ұсынады.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

ü    Квадрат теңсізідіктерді дұрыс шешеді;

ü    Теңсіздіктер жүйесінің шешімін дұрыс   табады;

ü    Теңсіздіктер жиынтығының шешімін дұрыс   табады;

ü    Теңсіздіктер жүйесінің немесе   жиынтығының ең үлкен/ең кіші бүтін мәндерін дұрыс табады;

ü    Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесі   ретінде дұрыс жазады;

ü    Функцияның анықталу облысын табу үшін   теңсіздіктер жүйесін құрады;

ü    Жауапты дұрыс жазады.

 

 

 

Презентация слайд   6-7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация   слайд 8-9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

39-40мин

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі   сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

    Бүгін   мен білдім …

•    Маған қызықты болды …

•    Маған қиын болды …

•    Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.  

 

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша   деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта   берілген.

Презентация

Слайд 10

Стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа   берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай   көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай   міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың   материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 
 
 

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта   жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс   жасағанда көбірек біле алады.    

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай   алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші   сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

 

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде   өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың   тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы   бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға   жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің   бар болуын анықтау үшін қарастырылады.   

Барлық тапсырмалар   оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы   ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында    оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.  









 


Ашық сабақ, Математика. 9 сынып. Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері
Ашық сабақ. Математика. 4 сынып. Тест сұрақтары мен жауаптары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу