Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. 6 саны және цифры.
Пән. Математика
| Мектеп: № 99 орта мектебі | |||
Күні: 18.09.2019 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева Айгуль | |||
Сынып: 1 «А» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | 6 саны және цифры. | |||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1• натурал сандарды алу жолын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; 1.1.1.3. бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды; 1.5.2.1. цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүкте-лер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) сандық сәуледе көрсетеді; 1.5.2.2“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады | |||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: 6 санын алу жолын түсінеді, реттік номерін анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды, тура және кері ретпен санайды, 6 санын және бір таңбалы сандарды оқу,жазу, салыстыруды түсінеді. Кейбір оқушылар орындай алады: 6 санының құрамын анықтайды, талдайды,жинақтайды,қолданады. | |||
Бағалау критерийлері | 6 санын алу жолын түсінеді, реттік нөмірін анықтай алады. Натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды, тура және кері санай алады, 6 сынын және бір таңбалы сандарды оқиды, салыстырады. 6 санының құрамын анықтыйды. | |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өз сөзінде қолдана алады: алдыңғы сан, кейінгі сан, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта. Тура ретпен санау, кері ретпен санау. Алты-шесть-six. | |||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа, сүйіспеншілікке, ұжым негізін тәрбиелеу. | |||
Пәнаралық байланыстар | Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асырылады. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, әуен. | |||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімге сүйене отырып, 5 санына байланысты есептер шығара алады. | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | Шаттық шеңбері: Кел, балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік Өткен сандарға байланысты санамақты қайталайықшы. Санамақ: Бір дегенім – бесік, Шықтық содан өсіп. Екі дегенім – елім, Далам, тауым, көлім. Үш дегенім – үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт Бүгін сабақта 6 санының сан қатарындағы орнымен және 6 санының құрамымен танысатын боламыз. 6 цифрын жазып үйренеміз. |
1-ден 10-ға дейінгі кеспе қағаздар. | ||
Сабақтың ортасы | «Кезбе тілші» әдісі Біз осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық? Олардың ішіндегі ең үлкен сан қай сан? Үстелдің үстіне 1-5 ке дейін кеспеқағаз орналастыру. Тақтаға бес оқушыны шығарып кез –келген бір санды таңдатып, сандардың өсу ретімен тұрғызу, одан кейін кему реті бойынша тұрғызу.
Дескриптор: 1-5 ке дейін тура және кері санай алды,өсу реті мен кему реті бойынша тұрғызды. ҚБ: оқу тәтижесін айқындау үшін «шапалақ ұру» арқылы ынталандырамын.
Оқушыларды түстер арқылы үш топқа бөлемін.
Ойын «Үндемес» Оқушыларға бір сан көрсетіп,осы кеспе қағаздағы санның 5-ке қаншасы жетпей тұрғандығын қарындаш санымен көрсетуін сұрау.
Шалқан ертегісін еске түсіру. Ондағы барлық кейіпкерлерді атау. Шалқан ертегісін сахналау. Ертегіде қанша кейіпкер шалқан тартып жатыр? - Бес кейіпкер. -Үстелдің үстіне сонша қарындаш қойыңдар. - Кім оларға көмекке келе жатыр? - тышқан - Тышқан нешінші кейіпкер? -Алтыншы
- 6 саны 5-тен үлкен бе? Әлде кіші ме? Оқушыларды 6 санымен таныстыру.
Тірек сөзбен жұмыс. Сөздерді үш тілде айту алты-шесть-six (оқушыларға 3 тілде айтқызу) Ертегі кейіпкерлерін санау (алты)
ҚБ: оқу тәтижесін айқындау үшін «Шапалақ ұру» арқылы ынталандырамын.
1-тапсырма. Орындап көр. 6 санын қалай алуға болады. Қатырма қағаздан жасалған 6 балық және 6 саны жазылған шелек дайындау. Оқушылар тақтаға шығып шелектің ішіне 6 саны шығу үшін қажетті балық санын салу керек. Мысалы: екі рет 3 балықтан салу немесе 4 балық салып үстіне тағы 2 балық қосу. Дескриптор: -6 санын санау барысында натурал сандарды алу жолын түсінді, -реттік номерін анықтай білді. -тура және кері санай біледі. ҚБ: оқу нәтижесін айқындау үшін «шапалақ ұру» арқылы ынталандырамын.
Жеке дара жұмыс: 2-тапсырма. Шығарып көр. Оқушыларға түймелер топтамасын ұсыну. 6 санын әр түрлі тәсілмен қойып көрсету. 3 пен 3; 4 пен 2;1 мен 5; 2, 2, 1, 1 Сызба бойынша 6 cанының құрамын анықтау
Дескриптор: 6 санының құрамын білді. ҚБ: оқу тәтижесін айқындау үшін мадақтаймын. Дәптермен жұмыс. 6 санын жазу.
Дескриптор: -6 цифрының баспа, жазба түрін ажыратады. - жаза біледі ҚБ: оқу тәтижесін айқындау үшін «смайликтер» арқылы ынталандырамын. (дұрыс, әдемі жазған оқушыларға дәптерлеріне қызыл жұлдызшалар, қателескендерге көк жұлдызша жапсыру)
Сергіту сәті: «Ха-ха, хи-хи» Оқушылар орындарынын тұрып, он қолдарын айналдарып қазақ тілінде 6-ға дейін санайды. Сол қолдарын айналдырып орыс тілінде санайды. Екі қолдарын ойналдырып ағылшын тілінде санайды.
Жұппен жұмыс. 3-тапсырма. Ауызша есептер: Берілген санның алдындағы санды ата. Берілген саннан кейінгі санды ата. Дескриптор: бір таңбалы сандарды азайтып, қоса алды. ҚБ: оқу тәтижесін айқындау үшін жұлдызша арқылы ынталандырамын. | Цифрлар,сандар қатары Сызғыш қарындаш, 1-ден 6 ға дейінгі цифрлар бар кеспеқағаздар 1-ден 5 ке дейінгі цифрлар жазылған қағаздан жасалған қағаздар
Жасыл, қызыл түсті қарындаштар
| ||
Сабақтың соңы | Оқушылардың орындаған жұмыстарын талдау – жинақтау. Бүгін біз қандай цифрмен таныстық? 6 саны туралы не білеміз? Сан түзуінде 6 саны қай саннан кейін тұр? 6 санын қалай алуға болады? 6саны қанша заттың санын білдіреді? 6 санының құрамына мысал келтіріңдер Кері байланыс: «Бағдаршам» Түсіндім. Түсіндебім. Маған көмек қажет . | |||