Бағдат Мусин цифрлық даму министрі болып тағайындалды

Oinet.kz 02-09-2020 938

Ақорда Бағдат Мусинді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі етіп тағайындау туралы президент жарлығын жариялады,  деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

- "Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын", - делінген бұйрықта.

Ол бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, уақытша министрдің міндетін атқарушы болған.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастады, Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ҚР Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ, ҚР бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды.

Айта кетейік, ол наурыз айында ҚР президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқарған еді.

Мемлекет басшысының жаңа Жарлығы бекітілді
Жириновский коронавирусқа қарсы екпе жасатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу