Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Тақырыбы: «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды»
Мақсаты: а) Бала бойына сүйішпеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет
тұтып,адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету,қоғамға
жат қылықтардан сақтандыру, ата-ана алдындағы құрмет тұту сезімін
дамыту.
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі
Кіріспе сөз: Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше. Ата-ана баласына саналы тәрбие беріп, оның болашағына зор үмітпен қарайды. Өкінішке орай қазіргі заманда ата-анасы мен ұстаздардың берген тәрбиесін жоққа шығарып, өмірден опық жеп жатқандар қаншама. Балалардың мектеп партасында отырып, оқушыға, қоғамға жат қылықтармен айналысуы бұл-кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Біздің оқушыларымыз осындай жат қылықтардан аулақ болып, саналы, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында осы тәрбие сағатының мәні зор деп сенемін.
Көрініс: «Қарт пен бала әңгімесі»
Баласы: -Ата,ата, маған сұрақ қойыңызшы.
Атасы: -Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы:- Ата, үйдің алтын қазығы-бала.
Атасы: -Жоқ балам, үйдің алтын қазығы-ана. Ана ақылды болса, бала дана
болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-
қамқоршың, аға-қорғанышың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін
ұмытпа.
Атасы:-Балам , жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін-мейірімді әке.
Атасы:-Жоқ,балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ,
жоқты бар ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран
ұйымайды.
Атасы: Ал, балам, өмір сүруүшін не қажет?
Баласы: - Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Атасы: - Жоқ, балам, өмір сүру үшін су,от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су-тіршіліктің нәрін
береді, от-өмірге жалын береді, тұз-астың дәмін келтіреді, қыз-өмірдің сәнін
келтіреді, ақыл-өмірдің мәнін келтіреді.
Пікірталас сұрағы: Балалар бұл көріністен не байқадыңдар?
Мұғалім: Адам барма, ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам.-деп ақындар жырлағандай қымбатты да аяулы аналарымызға қошемет көрсетіп өтейік.
Оқушылар көріністен қандай ой түйдіңдер? Қарттың айтқанымен келісесіздерме? Мұғалім: Әке- отбасының пірі, қара шаңырақтың иесі, әке-үй-ішінің тірегі, баланың
қамқоршысы.
Әке ардақты, әке қымбат әрине,
Әке керек, әр адамға, әр үйге.
Бәрінен де әке керек болса да,
Әке керек, ең алдымен сәбиге.
«Әкесіз бала-панасыз балапан», -дейді халқымыз.Ардақты әке баласының бойына бүкіл адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіреді. Имандылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбексүйгіштікке баулиды. Әсіресе, ер бала- әкесімен сырлас, жолдас.Ол әкесімен әр істі ақылдасып отырады. Әр баланың әке алдында міндеті, борышы бар: әкені сыйлау, тілін алу, ізет көрсету, әдеп сақтау, т.б.
Өкінішке орай,әкелік міндетін дұрыс атқармай,ішімдікке салынып, адамгершілік қасиеттерден айырылған әкелер де кездеседі. Ондай әкелер тәрбиесіз, ұлтының асыл қасиетінен хабарсыз ұрпақтан пайда болады.
Бейнебаян:Балалар мұндай жағдайдан аулақ болайық,осы көрініске өз пікірлеріңді айтыңдар!
Хадистер мен ұлағатты сөздер не дейді:.
Хадистер:
-Ей,Перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаңа құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі , баланың түп негізі- ата-ана болып табылады.
-Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы да болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.
-Ата-анаңа не істесең , қартайғанда алдыңа сол келеді.
- Сен ата-анаңның еңбегін дін жағынан өтей алмасаң да ақыл-санаңмен, адамгершілігіңмен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.
1.Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата-ананы аялап бақса, армандары орындалады.
2. Атан-ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
3. Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірін ерекше бағаламасаңыздар, ол-қорлық.
4. Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана-жарық дүниеге әкелушің.
Ойтолғау жазу:
Ұл балалар: «Менің әкем- менің мақтанышым».
Қыз балалар:«Анам-ақылшым»
Қорытынды: Мұғалімнің сөзі.