Ашық сабақ. Бала тәрбиесі. Ата-ананың тәрбие берудегі орны
Тақырып: Бала тәрбиесінде әкенің рөлі
Мақсаты: Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсылау. Отбасында бала тәрбиесінде әкенің рөлінің маңыздылығын түсіндіру.
«Ана –сая болар бағың болса, Әке –асқар тауың» дейді қазақта. Тәрбие негізі отбасынан басталады. Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше рөл атқарады. Әке –отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым –қатынасы, өнері, білімі баланың көз алдындағы үлгі , өнеге алатын , оған қарап өсетін нысанасы.Отбасының берекесі үшін отағасының әділ , ұстамды болуы үлкен маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Қыз балалар анасымен , ер балалар әкесімен сырлас, жолдас, дос болады. Олар әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында ,қоғамдағы өз орнын дұрыс табуында әкелердің рөлі ерекше орын тұтады. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір –шапағат көзі- әке. Әкенің рөлі бала-шағаның әкеге , анаға деген сүйіспеншілігімен , қамқорлығымен, ана жанын қас –қабағынан , жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Әке- асқар тау», «Әке-бәйтерек» деген мақалдар әкенің беделін көтереді. Мысалы: Отбасында ана үй шаруасымен айналысады. Ал әке отбасының асыраушысы. Үйдегі бала әкесімен ойнағысы , мойныныа асылып еркелегісі, сырласқысы да келеді. Бірақ үнемі әкенің балаға көңіл бөлуге мұршасы келе бермейді. Әр кез жұмыстан шаршап келгенін айтып , теріс айнала береді. Ал бала кішкентай болса да әкесінің өздері үшін тырысып жүргенін түсінгендіктен үнсіз келіседі. Мектепте достары демалыс күндері әкелерімен қыдыратынын, жұмыстан соң отырып әке бала боп әңгімелесетінін , сабақ дайындауға көмектесетінін айтып жатады. Осындай жағыдайда кейбір балалар үнсіз тыңдап отырады. Ал әкелер болса кішкентай баласымен сырласпай , әңгімелеспей қаншама уақытын босқа өтіріп жатқанын түсінбейді.
Қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында түрлі құқық бұзушылықтар болып жатыр. Мысалы: Сабақтан себепсіз қалу, сабаққа кешігіп келу, кешке қыдыру, төбелесу, алдау, өтірік айту т.б. Әр қандай құқық бұзушылық осындай кішкентай тәртіпсіздіктен басталадаы. Бұлардың алдын алу үшін мектепте әкелермен көптеп жұмыс жасалу керек. Сыныпта ата-аналар жиналысына көбіне әкелердің келмеуі, сынып жетекшінің әкелермен сөйлеспеуінің арқасында осындай тәртіпсіздіктер келіп шығып жатыр. Осы мәселелер бойынша менің идеям төмендегіше.
Мен отбасында әкелер әсіресе ұл балаларға ерекше назар аудару керек деп ойлаймын.
Әкелер балаларымен не істеу керек?
1. Достарын зерттеу. Әке баласының достарын зерттеп білу керек. Ол қандай балалармен дос, олармен не істеп жүр?Достары қандай отбасының балалары?
2. Уәдеңді орындау. Әке баласына қандайда бір уәде бердіма, сол уәдесін орындау. Мысалы: баласымен демалыс күні бір жерге қыдыруға немесе бір нәрсе алып беруге уәде береді. Сол уәдесінде тұрса, бала әкесіне көбірек сене бастайды.
3. Олардың көзінше ұрсыспау. Отбасы ұрыс керіссіз болмайды әрине. Дегенмен баланың көзінше отанасымен ұрсыспауға тырысу керек. Себебі оны көрген бала қатыгез немесе жасқаншақ болып қалуы мүмкін.
4. Кешке үйден шығармау. Кеште баланы қадағалап отыру. Кіммен, қайда баражатқанын біліп отыру.
5.Әділ болуға тырысу. Әке отбасындағы балаларды бөліп жармай , оларға әділ болу керек.
6. Тоқтығын ,киімінің бүтіндігін ойлау. Баласының тамағын тоқ, киімін бүтін қылуға тырысу керек.
7. Еңбекке үйрету. Баланы жастайынан еңбекке үйрету керек.
8. Өзінің бос уақытын баласымен қызықты өткізуге тырысу.Мысалы: балаларымен аспазшы сайысын өткізу.
9. Әр қандай жетістігін бағалай білу. Баласы кішкентайда болса жетістікке жетсе, оны қолдап марапаттап отыру керек.
10.Жылы сөзбен ақыл айту. Баласы қандайда бір тентектік жасаса оған жұдырығын ала жүгірмей , жылы сөзбен ақыл кеңесін айтып отыру керек.
Сондай-ақ , сынып жетекші оқушылардың әкелерімен жинап , олармен сырласып, баласы туралы қызықты сұрақтар қою арқылы анкеталар толтырып тұру керек.Мысалы: Балаңыздың парталас досының аты кім? Балаңыздың аяқ киімінің размері неше? деген сияқты.
Сондай ақ әкелерді мектепке көбірек тарту үшін қыркүйек айында «Әкелер қауымдастығын» құрып алу керек. Қауымдастықтағы әкелер мен тоқсанына бір рет жиналыстар жасап тұру керек.Жиналыста балалар тәрбиесінің тікелей өздеріне байланысы екенін ұғындыру мақсатында түрлі тренингтер ұйымдастырылып тұруы керек.
Әкелермен түрлі шаралар өткізіп тұру керек. Мысалы : Толағай отбасылық сайыстары сияқты шаралар көбірек өткізілуі керек.
«Жігер » ұлдар ұйымына ұсыныс. «Жігер » ұлдар ұйымы олардың жоспарлы іс әрекеті оқушылардың өзін-өзі басқаруын жүзеге асырады. Ал, өзін-өзі басқару болса оқушылардың қоғамдық белсенділікке және саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Сөзімді осындай мақалмен қорытындылайын деп тұрмын.
СЕН ТЕРБЕТКЕН БЕСІК; ЕРТЕҢ ЕЛДІ ТЕРБЕТЕДІ.
Ата –анамен мектеп бірлестікте жұмыс жасай отырып , адамгершілігі мол, өз ісіне есеп бере алатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге жұмылуы керек.