Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Әлия мен Мәншүк. Ұлы Отан соғысы

Oinet.kz 01-10-2019 2720

Тақырыбы: «Қос шынарым»

Мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру; елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
Түрі: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаттың барысы:
I. Шығыстың қос шынары: Әлия мен Мәншүктің өмірбаяны.
II. Арулар отты жылдарда: Соғыстың алғашқы әсерлері.
III. Ерлік отын алаулатқан қазақ қыздары (ерліктері туралы көрініс).
IV. Батырдың өзі өлсе аты өлмейді (берілген атағы, батырлар жайлы шыққан кітаптар, фильмдер). Сазгер Д.Тухмановтың кеңінен таралған
Кіріспе.
Бүгінгі тәрбие сағаты Ұлы Жеңістің
72 жылдығына байланысты. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйемін.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.
Бозторғайы бол оның шырылдаған
Отан, Отан
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,- деп ақын Мұқағали жырлағандай, әрбір қазақтың жүрегінде Отан туралы сезім жоғары тұрады.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ағайлар мен апайлар. Біздің әрқайсымыздың жадымызда өзінің өшпес ізін қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты жүректен шыққан ең шынайы құттықтауды қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:Жер бетіндегі барша ізгі ниетті адамзат екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына
72 жыл толуына зор тарихи оқиға ретінде атап өткелі отыр.

1-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты. Фашистік Германия қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді.

2-жүргізуші:Суық хабар сол күні-ақ байтақ жерімізге жер-жерден, ауыл-аймақтағы радиодан әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен түгел тарады (Үнтаспадан Левитанның үнін естиді). Ер азаматтар өздері сұранып майданға аттанады.

1-жүргізуші: Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақ қыздары да көрсетті. Қаршадай қазақ қыздары темір мәшинені жау шоғырына бағыттаған танкисттер Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмилә Талқанбаева, сержант Жамал Байтасовалар да болды.

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» Тоқымбай Қалампыр
2-жүргізуші: Даламыздың даңқысың
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

1-ші оқушы: Әлия Молдағұлова.
Қаһарман қыз Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ ауылында 1923 жылы шамамен 15 маусымда Нұрмаханбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында өмірге келген. 1933 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде, апасының сіңлісі Сапурамен бірге тең дәрежеде жүрді. Нағашы ағасы Әубәкір қызмет бабымен Әулие-Атаға көшіп келеді. Сол жерде №11 темір жол мектебіне Әлия 1-ші сыныпқа 1934 жылы қабылданады. Молдағұловтар отбасы Мәскеуге көшіп келеді де Әлия мен Сапураны 1935 жылы №35 Мәскеу орта мектебіне береді. Сол жерде 1938 жылдың наурызына дейін оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Молдағұловтар Әлияны Ленинградтағы №46 балар үйіне береді. Ол №140 орта мектепте оқиды. Әлия бір беткей, әділетті шындықты көзге айтатын, қорықпайтын, сыныпта староста болған. Мектепте пионер вожатый қабырға газеті редакция алқасының мүшесі болған. Тәртібі мен білімі үшін «Артек» лагеріне жіберілді. Соғыс басталғанда Әлия комсомол қатарына қабылданды.

2-ші оқушы:Мәншүк Мәметова Жансығали қызы 1922 жылы 23 қазанда Орал обылысы, Жасқұтта Нарын ауданында туған. Отбасында 5-еу болған. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін Алматыда апасының қолында болады. Мектепте оқиды, одан кейін Мединститутта оқиды. 1942 жылы Алматыдағы медицина институтын бітіріп, 1942 жылы тамызда соғысқа өзі сұранып аттанады.

3-ші оқушы:Вятскіде 7-ші сыныпты бітірген Әлия-Рыбинск авиа техникумына түсіп, ұшқыш болып, жауға қырғындай тиюді көкседі. Бірақ бұл мамандықты игеру үшін көп оқу керек болды,ол майданға аттануға асықты. Үш ай оқығаннан кейін Қызыл әскер қатарына өтуге арыз берді. 1942 жылғы желтоқсанында үздік мерген атқыштар даярлайтын орталық әйелдер курсы ашылды. 17 жастағы Әлия сол курстың алғашқы тобына 1942 жылы өзі сұранып, әрең қабылданады. 1943 жылы 23 ақпанда оқуын аяқтап, алғы шепке кету арманына жетті. Әлия Солтүстік майданға келді.
4-ші оқушы: Айнала орман алаң бір
Тоқтаған атыс белеңде.
Жалт ете қалды командир,
Мергендер келді дегенде.
Сәби ғой мынау бауырым,
Ернінен уыз кетпеген,
Балалық шақтың әлі бір,
Балауса табы кетпеген.
Жасаған екен батылдық,
Жіберген адам мұны да,
Жауынгер қане атың кім?
Әлия Молдағұлова.

5-ші оқушы:Отан қорғау жолыңда қаһармандығымен көзге түскен батыр апамыз Мәншүк Мәметова соғысқа өзі сұранып аттанды. Пулеметші болып «Максиммен» жауды топырлата қырды. Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен,- деп армандады. Қазір Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. Оның алдында батырдың бюсті түр. Мектептің ішіне кіріп, дәлізбен жүрсең, бір класстың маңдайшасында былай деп жазылған : «Бұл класста Мәншүк оқыған». Бір парта ақпен сырланған. Бұл партада Мәншүк отырған. Батырдың туған қаласы Оралда Мәншүкке орнатылған ескерткіші бар. Невель қаласында да ескерткіші бар.
5-ші оқушы: Мәншүк.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан атты жолын.
Көзінен ұшқын оттай лапылдаған,
Жауына қанар тігіп, қатуланған.
Отан үшін шайқаста ауыр күнде,
Төнсе де өлім қаупі жасымаған.

2-жүргізуші: Сапура жаным! Халың қалай?
Ауыл-ел тегіс аман ба?
Қауырттау кезең боп әрқалай
Қол тимей кетті-ау хат жазуға.
(Әлияның Сапура әпкесіне соғыста жазған хаты).
(Әлияның киімін киіп, қолында винтовкасы бар).
«Сәлем саған Отаным
Сәлеметсің бе, қымбатты сіңілім Сапура. Жиі-жиі хат жазамын деймін саған, бірақ жағдай мүмкіндік бермейді. Сенің жазған хатыңды алған соң бірнеше рет хат жаздым, оны алған, алмағаныңды білмеймін. Жақында менен ұзақ уақыт хат болмаса, таңданба, бұрынғы адреске жаза бер, себебін кейін хабарлармын. Көкеме, жеңешеме және басқа да туыстарға менен көп-көп сәлем айтып хат жазарсың. Егер көре қалсаң, мен үшін балалардың бетінен сүй. Өз денсаулығың, өмірің жайлы жиі хат жаз, көп жаз. Бетіңнен сүйдім Әлия».
1-жүргізуші: Елеңдеумен, келер деумен күндіз-түні,
Қайран шеше, білсе уақыт озғанын.
Жылдар бойы жүрді-ау үзбей үмітін,
Бозаң белден күтіп қыршын боздағын.
(Мәншүктің анасына жазған хаты. Мәншүк болып киініп, пулеметтің жанында тұрып, Мәншүктің хатын оқиды).

«Қымбатты мама».
Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір-ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір, алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып, сізге жауап жазып отырмын.
Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз.Жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.
Ән: «Сөнбейді әже шырағың»

2-жүргізуші:Көрініс. «Мәншүктің жұлдызды сәті».
1-ші: Мәншүк Мәметова
2-ші: генерал Галицкий
3-ші: подполковник Баймолдин
4-ші: жауынгерлер
Үнтаспадан соғыс даласында жүріп жатқан үндері естіледі.
Генерал Галицкий дүрбімен майдан даласын қарап тұрды. Жанында подполковник Баймолдин. Атқыштар ортасының оң қанатымен жүріп отырып, аға сержант Мәметованың пулеметшілер бөлімшесі алға жылжып барады.
1. Г.Г- Жарайсың пулемет бөлімшесінің командирі. Қараңдар жолдастар өзінің бөлімшесін қалай жақсы бастап барады, өзі кіп-кішкентай екен.
2. П.Б- Жолдас Генерал сіз қазір көріп тұрған бөлімшені қыз бастап барады. Ол - пулемет бөлімшесінің командирі, аға сержант Мәншүк Мәметова.
3. Г.Г.- Солай ма? Оны маған таныстырыңыздар.
4. П.Б.- Бөлімшелер сапқа тұрыңдар! (Мәншүк бастаған бөлімшелер сапқа тұрады).
5. Г.Г.- Сәлеметсіздер ме жауынгерлер! (Сапқа таяп келіп).
6. Жауынгерлер – Саулығыңызды тілейміз жолдас генерал.
7. Г.Г.- Жарайсыңдар жолдастар. Дұшпанға аямай соққы бердіңіздер. Барлық жауынгерлер мен командирлерге алғыс жариялаймын.
8. Жауынгерлер – Отанға адал қызмет етеміз.
9. Г.Г.- Шабуыл кезінде пулеметшілер бөлімшенің аға командирі аға сержант Мәметова өз пулеметін дұрыс пайдаланды. Жолдас Мәметова бері келіңіз.
10. М.М.- Жолдас генерал, аға сержант Мәншүк Мәметова (генералға таяп келіп).
11. Г.Г.- Рахмет саған, қазақ халқының қызы, сен жақсы пулеметші екенсің!
12. М.М.- Отаныма адал қызмет етемін!
13. Г.Г.- Жасың нешеде, әрі сен майданға қалай тап болып жүрсің?
14. М.М.-20 жастамын, жолдас генерал, майданға өз еркіммен келдім. Ал өзім Алматы қаласындағы Медицина институтында оқыдым.
15. Г.Г.- Ал пулемет ісін қайдан, қай жерден үйреніп жүрсің.
16. М.М.- Осында жолдас генерал.
17. Г.Г.- Алдағы шайқастарда саған табыс тілеймін.
Мәншүк туралы ән көркем фильмінен үзінді
1-жүргізуші: Көрініс: «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі».
1. Әлия Молдағұлова
2. Командир Попов
3. Жауынгерлер
Майдан даласы, пулеметпен атысып жатқан дыбыстар естіліп тұрады. Немістер пулеметпен оқ жаудырып, бас көтертпей тұрады. Әлия Молдағұлова 54 атқыштар бригадасының мергені болып жүріп, талай ұрысты басынан кешіреді. Әлиялардың батальоны жауды Казачиха деревнясынан қуып, Новосоколник-Дно теміржолын кесіп тастау туралы бұйрық берді. Жауынгерлер қарсыласқан жау тобына лап қойды. Жаудың пулемет, зеңбірек, минометтері зарлап қоя берді. Рота командирі Попов еді.
1. К.П.- Отан үшін алға! (автоматы көтеріп алға ұмтылады, сол сәтте оқ тиіп құлап түседі).
2. Ә.М.- (Жүгіріп келіп командирдің басын сүйеді) Жолдас командир, жолдас командир көзіңізді ашыңызшы (командир жауап қатпайды).
3. Ә.М.- Автоматты қыз жолындағы жауды баудай түсіреді. Отан үшін алға!
4. Жауынгерлер -(қазақтың жаужүрек қызының артынан уралап ілеседі). Ура! Ура! Отан үшін алға!
5. Н.О.- (Әлияның оғынан жараланған.Әлияны артынан пистолетпен атады).
6. Ә.М.- (құлап бара жатып неміс офицерін атады). Бұл оның өлтірген соңғы немісі еді
7. Жауынгерлер - Бәрі де тыныш тұра қалады. Құлап жатқан Әлияның алдында ант береді; Қайталанбас қаһармандық көрсеткен қазақ халқының батыр қызының кегін жаудан алуға ант береміз. Отан үшін алға!
2-жүргізуші: Окоптың ішін шаң жапты,
Екеуі де енді тұншықты.
Әлия да атты, жау да атты,
Екі оқтың даусы бір шықты.
Бейнетаспадан майдан даласынан үзінді көріңіздер.
Ән: «Әлия» Жайылхан Жауқазын
2-жүргізуші«: «Бәріде Жеңіс үшін!!!Шығыстың қос шынары». Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта да есінде сақтайды. Олар Отан үшін, ел үшін құрбан болды.

1-жүргізуші:Бүгін осы күнге жете алмай, алапат майданда арманда кеткен азаматтарымызды басымызды иіп еске аламыз. 1минут үнсіздік.

2-жүргізуші:1945 жылдың 30-шы сәуірінде Рейхстаг үстінде Жеңіс жалауы желбіреді. Жеңіс! 8-мамыр Берлин де фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжатқа қол қойылды. 9 мамыр күні Жеңіс Мәскеуде тойланды.

1-жүргізуші:Қамықпаған қиындықтың түсінен, Қамықпаған қиындықтың түгінен. Өздеріңе жинап қырдың гүлінен, Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан, Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Мүсілімов Нұрбол, Мұрат Жұмабек

Слайд. Жеңіс туралы!
Қорытынды.
Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ - біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес. «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді».
«Ақсақалдың ақ батасын құптаған,
Марқасқалар айтқан сөзін жұптаған.
Есенейге ел билетіп Ұлпандар,
Қобыланды кеңес ал Құртқадан,
Даласы кең осыншама салты бай,
Өле сүйген сүйе алмаған жартылай.
Қажет – жерде батыр қыздар туатын,
Қайран менің қазақ атты халқым-ай», - деп Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай Отанымыздың – өр сезім батыр қыздары. «Шығыстың қос шынары» - атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ұлы Жеңістің 67-ші көктемі құтты болсын!


Тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі

Мақсаты: Әлемнің мәдени-тарихи мұрасы-әлемнің жеті кереметімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштерімен таныстыру.Бұл кереметтердің бәрі адам қолынан шыққандығын,яғни адамның ақыл-ойының дамып,қол шеберлігінен туындаған әлемдік құндылықтардың маңызын ұғындыру.

2.Сұлулықты сезіне білуге баулу.

3.Эстетикалық тәрбие беру.Оқушы санасына тарихи құнды ескерткіш- терді сақтау керектігін ұғындыру.

Көрнекілігі: «Әлемнің жеті кереметі»суреттер,слайдтар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Оқушыларды сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру

Салеметсіздерме оқушылар ,ұстаздар,ата-аналар.Бүгінгі «Әлемнің жеті кереметі »атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы туралы не білеміз?

Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды.

Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған.Кереметтерді жасау не үшін қажет болды? Ерте замандарда ұлы адамдар өздерінің шексіз биліктерін және мықты ықпалын көзге көрінер- ліктей дәлелдеу мақсатында айбынды ғимараттар мен мүсіндер жасатты.Бұл кереметтерді жасаушы шеберлердің өнеріне таңғалмау мүмкін емес еді,олар жергілікті тұрғындардың мақтаныш сезімдерін тудырды.Бұл кереметтердің көпшілігі діни наным-сенімдерден туындады,барлық жеті керемет те саяхатшыларды өте қызықтырды.Грекияның тарихшылары әлемнің жеті кереметі деп Александр Македонский билік құрған аймақтарға жақын орналасқан құрылыстарды атады.

Гизадағы Хеопс пирамидасы - ерте замандағы шеберлердің қолдарынан шығып,бізге дейін жеткен жалғыз жәдігер. 4 мың жыл бойы адамдарды таңғалдырып келген әлемдегі биіктігі 147 метрге жететін ең биік ғимарат. Пирамиданы Ніл өзенінің батыс жағалауын басқарушы перғауын Хуфу өзінің моласы есебінде салғызған.Оған дейін де,одан кейін де бірнеше пирамидалар салынған.Бірақ бірде-біреуі Хеопс пирамидасы сияқты өзінің кереметтігімен 4 мың жыл бойы адамзат санасын жаулап ала алмады.Қазіргі таңда пирамидалар көптеген туристердің назарын аударып отыр.

Археолог:Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5млн тоннадан тұрады.Хеопс пирамидасы орналасқан жерге Римдегі (Италия) Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болады.

Б.э.д.433 жылы мүсінші Фидий гректердің ежелгі құдайы Зевстің таңғаларлық мүсінін аяқтады.Оның биіктігі қазіргі төрт қабатты үйден де биік.Биіктігі 13 метр болды. Мүсін құрылысына бір тонна піл сүйегі және одан да көп мөлшерде алтын жұмсалды.Фидий Зевсті тақта отырған кейіпте бейне- леді және оның бойына адамгершілік қасиеттерді енгізуі көптеген келушілерді нағыз тірі құдайды көргендей сезімде қалдырды. Мүсін шіркеуде бірнеше ғасырлар бойы сақталып, кейіннен өрт кезінде құрып кетті.

Археолог: Фидий мүсінді 8 жыл салған.Мүсінді жасаған материалдар-пілдің бивендері мен бегемоттардың тістері. Материалдар су өтпеу және күннің ыстығынан жарылып кетпеуі үшін майланған.Егер мүсінге қаптаған алтынның құнын қазіргі ақшаға аударсақ,10 млн.доллар болады екен.

Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнас- тағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірі болған. Ол б.э.д 4-ғасырда Түркияның патшасы Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған.Мола- ның жобасын грек сәулетшісі Пифей жасады.Ақырында мемориал қирап, археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан.Галикарнас аты кейіннен Бодрумға өзгертіліп,моланың қалдықтары осы қаладағы мұражайда сақталған.

Галикарнас мавзолейі Хеопс пирамидасынан басқа әлемнің кейбір кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды. Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген,бірақ оны біржола 1522 ж крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді.Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өзде- рінің бекінісін нығайтуға пайдаланды.

Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды таңғалдырып келді.Патша II Навуходоносор Вавилон (қазіргі Ирак) империясын құрып,кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.Бұл дүние жүзіндегі ең үлкен қала болды.Аңыздарда ол Аспалы бақты өзінің әйелі Амитис патшайымның құрметіне салғызған.Бақтарды күту,егу,суару, жерді қопсыту-жүздеген құлдарға жұмыс тауып берді.Қала парсылар жаулап алғаннан кейін қаңырап бос қалған,бақтар жөнінде тек тамаша аңыздар ғана сақталып қалған.

Құдіретті жаулап алушы Навуходоносор Iiпатшалық құрған кезінде Вавилон дүние жүзіндегі ең үлкен қала болды. Навуходоносор әскери жорықтарда көп тұтқындарды қолға түсіріп,олардың күшін ғылым мен дін орталығына айналған Вавилонның құрылыс жобаларын іске асыруға пайдаланған.

Слайд

Родос –Грекияның Додеканез аралдарының ішіндегі ең үлкені бол- ған.Родос аралының тұрғындары биіктігі 32 метр Алып деп аталатын қола мүсінді 12 жыл бойы салған. Мүсін қаланың кеме тоқтайтын айла- ғында мәрмәр тұғырда тұрған. Ол қола табақтардан және қаңқасы темірден жасалып, оған қоладан құйылған бөлшектер бекітілген.Мүсін небәрі 60-ақ жыл тұрған.Ол қатты жер сілкінісінің нәтижесінде жерге құлап қираған.Кейіннен Родосты жаулап алған арабтар,қоладан жасалған бөлшектерін Сирия көпесіне сатып,ол оларды 900 түйеге артып алып кеткен.Қазір алыптың ізі де қалмаған.

Бұрын «алып» деген сөз барлық мүсіндерге тән болатын. Родостағы мүсін жасалғаннан бері ол «алып мүсін» деген мағынаны берді.Алыптың биіктігі 32 м болған.Аңызда былай делінген:мүсінші

Хареске мүсіндегі жіберген аздаған ақауын көрсеткен кезде ол өзіне қол жұмсап,өмірін қиған.

Биіктігі 124 м Александрия маягы жүз жылдар бойы түнде жарық шашып,теңізшілерге жол көрсетіп,кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтанды- рып тұрды. Ол әрі бекініс,әрі қарауыл мұнарасы болды.Бұл маяктың құрылысы 20 жыл мерзімге созылды.Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады. Александрияны арабтар басып алғаннан кейін,қала құлдырап, кеме тоқтайтын жерді батпақ басып,Фаростың енді қажеті де болмай қалды.Жер сілкінісінің салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің эрамыздың 6 ғасырында енгізілген.Бір ғажабы ол қазіргі кездегі Йокогамадағы (Япония) биіктігі 106 м маяктан да биік болған.Фарос өзінен кейінгі дүние жүзінде салынған маяктар үшін үлгі және сөз жоқ ежелгі замандағы ең ауқымды инженерлік жетістік болды.

Әйгілі әлемнің жеті кереметініңқатарына енген Артемида ғибадатханасы Эфестегі бірінші ғибадатхана емес,бірақ басқаларынан әдемі бол- ған.Ежелгі қала Эфес сол аймақтағы ең бай қаланың бірі еді.Ұлы ғибадат- хана салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар,құдайға құлшылық ететін маңызды орталық болатын. Сол кездегі құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сияқты ғибадат- хана салу үлкен жетістік еді.Оны салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетші- лер,тас қалаушылар,құлдар армиясы еңбек еткен.Олар діни орын болған- дықтан құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп,нәтижесі адам таңғаларлықтай болған.Кейіннен басқыншылардың шабуылынан ғибадатхана қираған.


Эфес бір кездерде Кіші Азиядағы ең бай қала болған.Әулие ғибадатханасының маңайынан табылған. Ғибадатхана діни орын болғандықтан,адамдар өздерін жазалаудан немесе соттаудан құтқаратын жер ретінде паналаған.

Енді Қазақтың жеті кереметі жайында айта кеткім келіп тұр.Олай болса тақтаға қарайық.

Оқушыларға тапсырма.Берілген сөздерді сәйкестендіреді.

Гиза Артемида ғибадатханасы

Олимпия Семирамиданың аспалы бағы

Галикарнас маягы

Вавилон алып мүсін

Колосс Родосский Хеопс пирамидалары

Александрия Зевстың статуясы

Эфес мавзолейі

7санына байланысты деректерді айтып өтейікші.

Аптаның жеті күні

Кемпірқосақтың жеті түсі

Жеті қазына

Жеті ата

Қорытынды.

Әлемнің тарихи мәдени мұрасын әрқашан есімізде сақтап, тоқып жүрейік! Осымен, "Әлемнің жеті кереметі атты" сынып сағатымыз аяқталды назарларыңызға рахмет!

Ашық сабақ: Тығыз тау жыныстары
Ашық сабақ. Бала тәрбиесі. Ата-ананың тәрбие берудегі орны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу