Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Математика | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың тақырыбы | Шамалар және олардың бірліктері 3-сағат | |||
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор | |||
Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. | |||
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірі, Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындату. Математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу. Білім,білік дағдыларын жетілдіру. | |||
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |||
Бағалау парақшасымен таныстыру | ||||
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. | ||
Ынтымақтастық атмосферасы | Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. |
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. | ||
Үй тапсырмасын пысықтау
| Көбейту кестесін еске түсіру | Оқушылар ауызша орындайды | ||
Жаңа сабақ | Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату. Дәптермен жұмыс. Қосымша тапсырмалар. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала, Жағалауда тұр қарап. Еңді осы бар баланың Санын айтсаң жарадың. (9 бала) Тауықтардың біреуі, Бес балапан шығарды. Көптен күтіп жүр еді, Інім қатты қуанды. Он жұмыртқа бастырған, Қарай алмай шаршады. Тауықтардың астында, Жатыр әлі қаншауы? (5 жұмыртқа) Бір топ бала тоғаннан, Он бес балық ұстады. Бөліскенде оларды, Тиді әркімге үш балық. Сынайын бір ал сені, Бала саны қанша еді. (5 бала) Жайылып жүр сегіз лақ. Үшеуі оның егіз лақ. Есептеуге, Сен шебер. Бала болғың келсе егер. Сегіз лақтың енесін, Тез есептеп берерсің. (5 ешкі) | |||
Сергіту сәті | Бір отырып, бір тұрып Біз бір дем алайық. Түсірейік төменге Міне былай, қарайық Құстай қанат қағайық. | |||
Ой толғаныс | 1.Бір үйде тұрады екен елу батыр, Үй сыртына сүйкенсе –ақ өліп жатыр. (сіріңке-спичка) 2.Ақ шапанын үстінен, Алты ай бойы шешпейді. Қара шапан үстінен, Алты ай бойы түспейді. (қара жер мен ақ қар-земля и снег) 3.Алпыс төрт тең бөлмеде Отыз екі тұрғын бар. Ақ, қара қып бөлгенде, Бірін-бірі қуғандар (шахмат-шахмат) 4.Қарны жуан қампайған, Қос құлағы қалқайған. (қазан-казан) 5.Қос құлақты, жүз тісті, Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара-пила) 6.Сақталады 6 ай жаз, Сандығымды сары аяз. (тоңазытқыш-холодильник) 7.1 санға өсірді, Өзі қалды орнында, Бізді алға көшірді. (сынып-класс) 8Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц) | |||
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? | ||
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады | ||
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? | Бағалау парақшасын толтырады | ||
Кері байланыс | ||||