Уильям Шекспир нақыл сөздері
Достық әлсізденген сайын, сыпайылық арта түседі
***
Үндемеу – бейтараптықтың белгісі емес. Іші бос қалбыр ғана даңғырлайды.
***
Балдың тым тәтті болғаны сонша, түбі қышқыл бола бастайды. Көп жесең, дәм сезуден қаласың.
***
Көңіліңе ыстық болса, болмашыға ренжисің.
***
Жер-ана дана, баласы санасыз.
***
Аз сөз алтын, салмағы сезіледі.
***
Махаббат соңынан жүгіргендерден безеді, өзінен қашқандардың мойнына асылады.
***
Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда.
***
Тозақ бос қапты. Шайтанның бәрі жер бетінде жүр.
***
Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады.
***
Ер азамат көңілі қызға ауғанда сәуір секілді. Үйленген соң мінезі желтоқсанға айналады.
***
Рахат өмірге деген үміттің өзі ләззат алудан бір кем емес.
***
Дұшпаныңа жаққан отқа майды көп құя берме. Сол пеште өзің өртеніп кету қауіпін ешқашан естен шығарма.
***
Сөздің өткірлігі айтушының тілінен гөрі тыңдаушының құйма құлағына тікелей байланысты.
***
Есім не береді? Раушангүлден раушангүлдің жұпары аңқиды, оны басқа атаумен атасаң да.
***
Әр қитұрқылықтың өз түйсігі бар.
***
Сұлулық көз сүріндіреді, ғашық етеді, бірақ тек жанын ғана сүйе аласың.
***
Қарға қанатын былғаса да ешкім байқамайды, ал аққуға дақ түссе, ешқашан кетіре алмас.
***
Бір көзқараспен махаббатты өлтіріп алуға болады. Сондай-ақ, бір көзқараспен оны қайтып тірілте аласың.
***
Қорқақ күнде өледі, батыр бір-ақ рет өледі.
***
Аяқтың астында тапталған жәндіктің азабы ірі мақұлықтың өлімінен бір кем емес.
***
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.
***
Дүниеде жақсылық та, жамандық та жоқ. Тек әр адамның белгілі бір жағдайға деген әсерленуі бар.
***
Ең жақсысы – бетке айтылған ақиқат.
***
Боранды күні берілген уәде тынық күні ұмытылады.
***
Өзгенің күнәсін паш етуге асықпаңыз, өз күнәңізді санасаңыз, өзгенікіне жетпей қаласыз.