«Мұндай үкімге келіспеймін»: Жанболат Мамай
03-03-2023
Тұрар Рысқұлов мектепті тәмамдаған соң Самарадағы ауыл шаруашылық училищесіне түспек болып арнайы жолдама жіберген еді. Бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ» деп жолдаманы қабылдамай қояды. Кейін 1915 жыл Ташкент мұғалімдер семинариясына да түспек болғанда Рысқұловты "бұратана" деп оқу орнына қабылдамай қояды.
Бірақ Тұрар Рысқұловтың сағы сынбай, ұзақ уақыт Ташкенттегі оқу министіріне арыздар жазып, арнайы рұқсат арқылы ғана емтихан тапсырып оқу орына түседі.
Міне қандай заман болмасын, нағыз білімді қажет ететін тұлғалар өз мақсатына жетеді. "Қалауын тапса, қар жанады" дегендей Тұрар Рысқұлов та өз мақсатына осылай жеткен.