Қайрат Рысқұлбеков. Шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 3448

Қайрат Рысқұлбеков 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Ол 1966 жылы 13 наурызда Мойықұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Қақаған аязда ұлттың тәуелсіздігі үшін алаңға көтеріліске шыққан жастардың қатарында болған жалындаған жас студент. 

HwYOdk9Nuz0.jpg

Сол жылғы 16-18 желтоқсан аралығында қазақ жастарының  отаршылдық пен әміршілдің кжүйеге қарсы шыққан көтерілісін белсене қатысып, кейіннен демалып жатқан жерінен алып кетіп, оны С.Савицкидің өліміне кінәлі етеді. Қайрат Рысқұлбековты белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, сонда құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасайды.

Сол уақытта Алматы алаңына барша студенттер отаршылдық езгіге қарсы көтеріліске шығып, Қазақстанға тәуелсіздік беруді талап етеді. Жастардың гүл шағы осы көтеріліспен аяқталып, оларды қинап, күрекпен ұрып, қыздардың шаштарынан тартып қаншама қиыншылықтар көрсетеді. Олардың бәрін үлкен шұңқырға тастап, бетін топырақпен жаба салады. Бұл барып тұрған қатігездік пен адамшылдыққа жат қылық еді.  Бірақ сонда да жалындаған жастар алған беттерінен қайтпайды. Араға көп уақыт өтпей Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жеке дара дербез ел болып әлем картасында өз орнын қалыптастыра білді. Міне, бізге тәуелсіздік осынау жастардың құрбандығының арқасында келіп жетті. Ендігі біздің басты парызымыз осы тәуелсіздікті баянды ету.

Темекінің зияны жайлы шығарма
Ләззат Асанова. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу