Темекінің зияны жайлы шығарма
Адамның басты байлығы – өмірі. Қанша уақытқа берілген оны өзіде білмейді. Бастысы осы өмірді мәнді де мағыналы етіп өткізу қажет-ақ. Байлығымыз – өміріміздегі біздің аманатымыз – денсаулығымыз. Денсаулық – адамға берілген аманат. Аманатқа қиянат жасамау біздің басты парызымыз.
Дені сау адамның өмірі әркезде де қуаныш пен жарқын болашаққа деген нық сенімге толы болары анық. Денсаулығымызды күтіп сақтау басты борышымыз. Бірақ өмірде әрқилы оқиғалар болады. Бастысы, рухани жанымызды сындырып алмау қажет-ақ. Адамның әркезде де алдынд екі жол тұрады. Таңдау адамның қолында. Кейде адам өз денсаулығын өзі зиянды заттармен құртып жатады.
Денсаулыққа зиянды затарға есірткі, ішімдік, темекі жатады. Осылардың бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Ең зияны – темекі. Ол есірткі секілді шектен тыс көп қолдансаң сол мезет өлтірмейді. Ақырындап адам ағзасын улап жатады. Өзінің зиянды түтінімен ағзаға бойлап, адамды күнсанап өлтіре бастайды. Темекінің құрамында никотин – у бар. Ол қанның құрамына еніп, адам ағзасын ақырындап улай бастайды. Темекінің егерде көп мөлшерден бірден қолданса сол мезет өайтыс болуы мүмкін. Шылым шегіп жүрген адам не себепті бірден өліп кетпейді, себебі ол шылымды біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды.
Темекі шегу адамның өзіңе ғана емес оның болашақ балаларының денсаулығына да тікелей әсер етеді. Олардың кемтар туылуына себепкер болады. Өзге балардан денсаулығы жағынан кем болып, тіпті дүниеге перзент әкеле алмайтын дәріжеде кем болып қалуы бек мүмкін. Мұның бәі темекінің зияны. Ал, астарында бір тұлғаның ғұмыр бойынғы тағдыры жатыр. Темекінің зияны терең ойланатын мәселе.