Отан туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 24063

Отан – біздің қасиетті мекеніміз. Осында туылып, гүлдеп жайнаймыз. Дүниеге алғаш келген сәттен бастап осы жердің топырағына аунап, ауасын жұтып демалатын қастерлі ортамыз.

1800123.jpeg

Отан қашанда қастерлі ұғым. Оның бір уыс топырағының өзінде адам жанын елжіретіп, көңілің қуанышқа бөлейтін алапат күш бар. Әлемнің қай бұрышына барсақта Отан әркезде де ыстық, әркезде де өзіне елітіп, шақырып тұрады. Жер бетіндегі біздің қорғаушы күшіміз, бізді құшағына риясыз сезіммен басатын ардақты анамыз іспеттес.

Отан отбасыдан басталады. Әрбір отбасы Отанның қазынасы. Ал Отан отбасының баға жетпес байлығы. Отбасыда өзінді қалай жайлы сезінесін Отанның барда өзіңді қолында жарты әлемнің байлығы бардай қуатты сезінесің. Мұның бәрі Отанның адамға беретін алапат күші. Отбасыда әкеміздің әр айтқан сөзі заң болып, біздің жақсы өмір сүруімізге жағдай жасап, барлық түйіткілді мәселенің шешімін әкеміз қабылдағаны секілді Отанныңда барлық мәселесі мен халықтың әл-ауқатын жақсартып, қолдау көрсететін басшымыз – президентіміз бар. Әкеміз бір отбасынның мәселесін шешсе, президент бүкіл халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көмектесіп, жарқын өмір сүруімізге жағдай жасап жатады.

Әлемнің қаншама әсем жерлеріне саяхаттап барсаңда өз Отанының көз тоймас сұлу табиғатына ешқандай жер жетпейтіні анық. Менің Отаным әлемдегі ең шұрайлы, табиғаты шексіз сұлу, ауасы жұпар иісті, жанынды ерекше сезімге билейтін ғажап мекен. Осындай ғажап мекенде өмір сүріп жатқаныма шексіз қуанамын. Отанымның көркеюіне қолымнан келгенше ықпал жасаймын. Мен Отанымды шексіз жақсы көремін!

Өнерлі өрге жүзеді. Шығарма
Қазақстан туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу