Білім туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 19598

Білім адам – елдің баға жетпес қазынасы. Ұлттың болашағы әркезде де білімді жастардың қолында. Білім – біздің ғұмыр бойындағы қолымыздағы байлығымыз. Басымыздағы білімімізді ешкім де ешқашанда тартып ала алмайды. Біз білімді мектептен, ұстаздарымыздан, университет қабырғасынан аламыз. Осылай біз өз біліміміздің ергетасын қалай бастаймыз.

Monitoring_2.jpg

Әркезде де білімді адамның өмірі қуанышты әрі жарқын болары анық. Білім біздің қараңғы өмірімізді жарықтандырушы шамшырақ іспеттес. Өмір жолындағы  кедергілер мен мәселелерді біліміміздің арқасында түйінің шеше аламыз. Алға қойған мақсаттарымыздың орындалуына нақты іс-әрекеттер мен біліміміз арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз.

Білімді тек мектеп қабырғасы мен ұстаздар арқылы ғана алып қоймаймыз. Сонымен қатар жанымыздағы араласатын жандар мен достарымыздың іс-әрекетімен өмірлік сабақтар аламыз. Өмірде бізге сабақ беру үшін келетін әрқилы адамдармен танысамыз, олардың бізге жасаған жақсылығы мен жамандығының арқасында көп сабақ алып, ой түйеміз. Үлкен өмірде мектепте оқыған пәндер тек маман иесі атануға және жұмыс жасауға қажет болса, ал өмірдегі қиыншылықтармен күресуді өмірдің өзі ақырындап үйрете бастайды.

Өмір – білімнің қайнар көзі. Мәңгілік ұлағатты ұстазымыз болып қалмақ.

Білім күні туралы шығарма
Жеті қазына туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу