Білім күні туралы шығарма
Күздің алғашқы күні – білім күні. Бұл күні барша оқушылар үш айлық демалысты аяқтап алтын ұя мектебіне, сағынысқан сыныптастары мен ұстаздарына асығады. Мереке барлық елде тойланады. Әр ұлттың болашағы өскелең білімді жастар болғасын барлық елде білімге деген қолдау мен сұраныс басым.
Балабақшаны аяқтап, мектеп табалдырығын алғаш аттап жатқан кішкентай балалар жан-жағындағы мектеп формасын киген адамдар көптігіне, биік зәулім ғимаратқа, жылы жүзді апайына таңдана қарап тұрса, ал енді университет қабырғасына барған жас студенттер де өзінің тобымен танысып, үлкен өмірге қадам басады. Демек, білім күні – танысу күні болмақ.
Әркезде де білімді адамның өмірге деген көзқарасы мен өмірлік ұстанымы өзгелерден бөлек. Қазір тек білімділер мен ақылдылардың заманы. Білім адамның өзіңе берген баға жетпес байлығы. Басындағы білімді ешкім сенен тартып ала алмайды. Сол себептіде адам баласы білімге, жарқын болашаққа ұмтылуы қажет-ақ.
Біз білімді алтын ұя мектебімізден аламыз. Ұстаздарымыз өзінің бойындағы барша білімін бізге үйретеді. Мұғалімнің оқытқан әрбір білімі бізді өмір жолында алға жетелеп, қараңғы жолда біздің шамшырағымыз болады. Білімді адамның әрқашанда өмірі ашық, жарқын болады. Білімді болуға әркезде де ұмтылып, талпынайық