Кәсіп туралы шығарма
Кәсіп – адамның өмірбойына айналысатын жұмысы. Жұмысын жақсы көрген адам күнделікті қуанышты көңіл-күймен оянып, жұмысына асығады әрі табысты болады. Кәсібі мықты адамның өмірлік мақсаттары мен іс-әрекеттері нақтылана түседі. Кәсіптің түрлері өте көп. Әрбір адам кем дегенде бір кәсіптің иесі. Бірі қолына қалам алып құнды шығарма жазса, бірі ине-жіппен санқилы әсем киімдер тігіп жатады. Аспаздар тіл үйіретін тағамдар пісіріп, етікшілер етік жамап әркім өзінше күн кешіп жатыр. Күнделікті өмірде барлық адамның айналысып жүрген өз кәсібі бар. Кәсіптің жаманы болмайды.
Кәсіп түбі – нәсіп. Кейбір кісілер өзінің сүйікті ісің өз кәсібіне айналдырып, онымен өмір бойына айналысады. Кейде кісілер қолында не бар сонымен айналысады. Егер жер жыртып, егін еге алатын болса дихан, мал шаруашылығымен айналысып кәсіпкер бола алады. Бастысы құр отырмай бір жұмыспен айналысып өзің, отбасың қала берді елінің жағдайын жақсартатын мықты кәсіпкерге айналады.
Қазіргі таңда кәсіп жасаймын деген жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар өте көп. Пайызын төмен етіп қарызға ақша алып өз кәсібін ашып, оны дамыту жолында көп іс-әрекеттер жасалынады. Елімізде өз кәсібін дамытқан танымал кәсіпкерлер көп. Олар өздерінің бастан кешкен қиыншылықтары мен мәселелерінің шешуін тапқан жолдарын жас кәсіпкерлерге тренинг арқылы үйретеді. Бұл да бір кәсіптің түрі. Бастысы, адам бір орында қалып қоймауы қажет. Алға қарай адымдаған сайын адам белгілі бір жетістікке қол жеткізері хақ. Сондықтан әркез ізденісте, қимылда болғаны дұрыс.