Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Отан отбасыдан құралады. Әлемдегі қаншама әсем жерлерге барсақта отбасыдан жайлы, отбасыдан ыстық жерді табалмайсын. Отбасы әрқашанға қасиетті ұғым. Әрбір жас жігіт пен қыз баласы махаббатпен, сыйластықпен шаңырақ көтереді. Екі жарты, бір бүтін болып отбасы құрады. Махаббат - әр отбасының алтын діңгегі. Махаббатпен жасалынған дүние әркезде де әсем әрі қадірлі болмақ. Отбасы мүшелері уақыт өте көбейіп жатады. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен жақсы қарым-қатынасы отбасы жарасымдылығын арттырады.
Өмірде әркезде де қуаныш пенн қиыншылық қатар жүретіні секілді, отбасы болғасын кейде өмір қиыншылықтары, дағдарыс, түсініспеушілік те болып тұрады. Бірақ сондай қиын сәттерде отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдауы ауадай қажет. Отбасыда ер азаматтың – әкенің орны қашанда ұлық. Барлық маңызды шешемдерді сол кісі қабылдайды. Отбасы қаражатында табушы ер азамат. Әйел адам отбасы жарасымдылығы мен жылулығын реттеп, ер кісінің әкелген заттарын орынды жұмсап, үнемдеп, отбасы берекесін арттырып отырады.
Жақсы отбасыда тәрбиеленген адам Отанның баға жетпес байлығы. Бала отбасыда не көрсе үшқанда соны іліп алады. Әрбір адамның өмірде қалыптасуында отбасының тигізер әсері мықты. Ата-анасынын бойындағы қасиеттерін бала өз бойына сіңіріп жүреді. Уақыт өте өзі де отбасы болғанда балаларын солай тәрбиелемек. Ал тәрбие атадан балаға қалып отыратын құнды қасиет. Сол себепті де ұлтжанды, көргенді азаматтардың көп болғанын қаласақ қазіргі кездегі өзіміздің, отбасы мүшелеріміздің тәрбиесіне аса мән бергеніміз дұрыс.