Балуан Шолақтың Ғалиясы (реферат)

Oinet.kz 13-12-2019 1504

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.

14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.

Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.

Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.

Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.

Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.

Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

Балуан шолақтың Ғалиясы

Авторы: Бекен Қайратұлы

Қазақ өнерінің «Алтын ғасыры» атанған (А. Сейдімбек) ХІХ ғасыр қазақ қоғамына таңдаулы тұлғалар сыйлады. Нәтижесінде, ауасы саумал, самалы салқын, селеулі дала Сарыарқаның «әншілік» дәуірі туды. Атақты Біржан салдан бастап Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Мәди, Естай, Майра т.б дүлдүл жыршы, бұлбұл әншілер болашағы орыстың бұғауына байланып, басы бодандық қамытына ілінген қазақтың зарын әнге айналдырды. Ұлы Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы): «Адамшылық егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың» дегеніндей, ақын атаулысы да бір сұмдықтың ұшығын аңдап, зар толғаудың тиегін ағытты. Тарих бұларға «Зар заман» жыршылары (М.Әуезов) деген баға берді.

Бұл дәуірде өтті,кетті. Тек куәсіндей болып небір әндер қалды. Соның бірі Балуан Шолақтың «Ғалия» әні. Осы ән туралы академик Ахмет Жұбанов: ««Ғалия» әні- әннің төресі. Үлкен жүректен, шын сезіммен шыққан ән. Бастаған жерден-ақ асқан ынтықтық бары сезіледі... Бірақ бабына келтіріп орындау көрінгеннің қолынан келе бермейді.»- деп жазады.(А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» Алматы, 2001ж, 134-б).

Осы әннің дүниеге келуіне себепкер Ғалия туралы не білеміз? Әрі балуан, әрі әнші, әрі сері Балуан Шолақты ынтықтырған Ғалия кім болды екен?

Біршама жыл бұрын байырғы журналис, қарт қаламгер Октябрь Әлібеков өзінің жеке мұрағатынан Ғалияның суретін көрсетті. Суретті өткен ғасырдың 90-шы жылдары белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев әкеліп берген екен. Марат Әскенұлы өзі бастама көтеріп Ақмола облысы, Бұланды ауданы (бұрынғы Макинка ауданы) жеріндегі Балуан Шолақтың зиратын жөндеп, басын көтерген азамат.

Көнекөз қариялардың айтуынша қазіргі Конгрес-Холл сарайы тұрған жерде өте ертеде базар болған. Ол әдеби шығармаларда көп айтылатын әйгілі «Қараөткөл» базары екен. Арқаның ауқатты адамдары жаз шыққан соң базарға үй әкеліп тігіп, бір жағынан өнімдерін (қымыз, сүт, ет, құрт-май т.б) саудалайтын болса, екінші, тараптан қыстай ұйып жатқан ел дала серілерінің өнерін тамашалайтын болған. Арқаның айтулы әншілері бұл базарға соқпай өтпейді. Айлап жатып ән салады.Көрермені қара халық, тыңдаушысы дүйім жұрт.

Елмен бірге Ғалияда базарда қымыз сатады. Ажарына арулығы сай, анадан артып туған құлын мүшесі көз қарықтырар, қараторының әдемісі Ғалияның қымызханасына бір күні Балуан Шолақ ат басын бұрады.Бұл шамамен 1908-09 жылдары болса керек. Балуанның тасы өрге домалап, әнімен Арқаны тербетіп, күшімен жауын еңсеріп жүрген, қырықтың қырқасына шыққан керемет кезі екен. Ғалия болса 22-23 жаста.

Ғалия балуанға өз қолымен қымыз ұсынады.Дүниенің дүр сілкінген кезі де осы болар, дала серісінің жүрегіне Ғалияның ару бейнесі қашалады. Осылай «Ғалия» әні туады.

Жоғарда атап өткеніміздей тоғыз жолдың торабы Ақмолада көшпенді қазақтардың саудасын ортақтастыратын татар, ноғайлар болған. Осылардың бірі Сұлтанай Қамза деген ноғайдың саудасын жүргізетін Тілеу атты қазақ екен. Түбі Жаңа-арқа жақтан, руы-Арғын оның ішінде Аралбай. Сегіз бөлмелі үйі бар дәулеттілер санатындағы отбасы. Үлкен әйелінен Ғалия, Мәрзия атты екі қыз туыпты. Шолақтың әні арқылы тарихта аты қалған Ғалия осы.

Ғалия жайында академик-зерттеуші Ахмет Жұбанов деректер жинап, Шолақ пен Ғалия арасындағы оқиға турасында алматылық Мәкура Есілбаева деген адамнан өте ертеректе біршама толық мәлімет жазып алыпты. Осында баяндалғандай - Ғалия қара сұрлау келген, ат жақты,ұзын бойлы,бетінде аздаған шешек дағы бар, өткір, сөзге шешен, оң қолынан өнер тамған шебер екен. Әсіресе тамағында шешек дағы көп қалғандықтан орамалымен алқымын қымтап байлайтын әдеті болғаны туралы да ел ішінде әңгіме бар. Бұны осы басылым бетіндегі суреттен де байқауға болатын сияқты.

Шолақтың жеке өміріне қатысты жазылған зерттеулерде қайшылықтар көп. Балуан қазақтың ата қонысын баса көктеп, шұрайлы жерлерге келіп қоныстанған орыс пен украйндарға түре тиісетін әдеті болыпты. Шын мәнінде бұл Шөкеңнің өзінше көтерілісі еді. Бұл әрекетін Кеңес заманының зерттеушілері «халықтар достығын» түсінбеді, біреулердің айтағына еріп қателесті, деп бағалайды. Бірақ, жазушы Әнес Сарайдың тәуелсіздік жылдары жазылып, Астанадағы қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Балуан Шолақ» атты драмалық шығармасында жоғардағы бұрмалаушылық түзетіліп, балуанның күрескерлік қыры ашып көрсетілген.

Осы туындыда суреттелгендей Шөкең бір жылдары қатты қуғын көрген. Тіпті неше дүркін абақтыға қамалып,одан қашып шығып жасырынып жүрген күндеріде болған. Ғалиямен дәл осындай жағыдайда жүріп танысқан.

Енді Ғалия туралы жазып алған А.Жұбановтың естелігіне қайта жүгінейік: Ғалия қазақи әдет бойынша Біржан деген жігіттің атастырылған қалыңдығы ретінде ұзатылады. Барған жерінде екі жылдай тұрып, Қараөткелге төркін жұртына көшіп келеді. Шөкеңмен көңіл байласатын тұсы осы кез. Ғашығына арнап сегіз қалта жият кестелеп, оған өрнектеп атын жазады. Онысын құп көрмеген күйеуі таяқтап үйінен қуып тастайды. Ғалия қашып әкесінің үйіне келеді.

Ата-анасы қызымен ақылдаса келіп, күйеуінен ажырасыуын құп көреді. Бірақ күйеуі төлеген қалың малын даулайды.Оны төлеуге Ғалияның әкесі Тілеудің жағыдайы болмайды. Іс билер сотында қаралатын болады. Оқиғадан хабардар Балуан Шолақ неде болса мал тауып келу үшін Көкшетауға жүріп кетеді. Жолай бір танысының үйіне түсіп, тыныштала алмай, домбырасын қолына алып:

Ғалия айналайын қалып еді,

Көп жылап таңға жақын талып еді,

Білмеймін не болғанын әңгіменің,

Біржанмен биге түсіп қалып еді,- деп бір қайырып ән салып, асқа да қарамай жүріп кетеді. Көкшетауда балуанды басқа тағдыр күтіп тұр екен. Ұстап түрмеге жауып тастайды. Ғалия болса билер сотында өз дауын өзі ұстап Біржанды жеңіп шығады. Басына толық бостандық алады. Ал, Шөкеңе жоғалған сексен өгіздің жаласына Семейден ұрланған бір топ жылқы қосылып ісі қалыңдайды. Ғалия күтумен күндерін өткізеді. Оның үстіне сотта жеңілген жақтың қыспағынан не істерін білмей қиналып жүргенде «Шолақ пәлен жылға сотталып жер аударыпты» деген хабарды естиді. Бұл қарсы жақтың таратқан жалған жаласы еді. Ғалия әрі-бері толқып, әкесінің нұсқау 

Бірінші дүниежүзілік соғыс (реферат)
Бумын қаған (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу