Мен спортты сүйемін.Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 7422

Бірінші байлық – денсаулық. Деніміздің саулығы өмір сүруіміздің маңызды бағдары болмақ. Дені сау адамның көңіл-күйі қашанда қуанышты, жайдарлы болары анық. Күнделікті таңертеңгі жаттығу мен дұрыс тамақтану денсаулығымыздың кепілі. Спортпен тұрақты түрде шұғылданған адамның бойы сергек, ойы ұшқыр болып келеді. Көңілі жайланып, болашаққа нық қадамдар жасап, оны орындау жолында нықты қадамдар жасай бастайды. 

sport_16.04.2015.jpg

Спортпен айналысу тек қана футбол, волейбол, теннис секілді ойындарды ойнаумен шектелмейді. Сонымен қатар күнделікті үй шаруасын жасаудағы қимыл-әрекет те спорттың бір түріне жатады. Қыста ауладағы қарды тазалау, ағаш жарып отын істеу, көктем шыға жер аудару, еңкейіп жерге дән тастау сынды ер азаматтың жасайтын жұмыстары қимыл-қозғалыстың артуына, бойындағы қанның дұрыс айналуына пайдасын тигізеді. Қыз балалар үй шаруасындағы ыдыс жуу, бөлме сыпыру, едендер мен терезе жақтауындағы шаңдарды сүрту сынды жұмыстарды жасау арқылы анасына көмектессе әрі денсаулығына оң әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда спортпен айналысамын деген балаға көптеген үйірмелер жұмыс жасауда. Футбол, волейбол, жеңіл  атлетика, гимнастика, шаңғы тебу т.б. сынды спорт түрлерін үйрететін мекемелерде баланың үйренуі үшін жақсы жағдай жасалынған. Ал ауыл балалары ұлттық спорт түрі – көкпар, қолкүрес, арқантартыс сынды ойындармен шұғылданады. Спорттың көп түрі дене қимылымен болса, ал  шахмат – ой қимылы. Шахмат ойнау баланың тапқырлығы мен тез ойлау қасиеттерінің дамуына зор ықпал жасайды. Алайда, қай түрімен айналыссақта спорт денсаулығымыздың нағыз кепілі болып қала береді.

Жақсылық туралы шығарма
Магниттік дауыл (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу