Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Адам баласы дүние есігін ашқан бойда жылап жанына адамдар шақыра бастайды. Жалғыз қалудан қорқып, жанында сенімді адамдарынын болғанын қалайды. Өмір сүру мен өзгеге жақсылық жасау екеуі егіз ұғым. Өйткені өзгеге жасаған әрбір әрекетін уақыт өте өзіннің алдынан келеді.
Жақсылық жасасаң мың есе артық болып қайтса, жамандық жасағанын да өз алдына қайта оралары анық. Бұл – өмір заңдылығы. Адамның бойындағы ең ұнамды қасиеттердің тізімінің басында жақсылық жасау тұрған әрбір адамның өмірі мәнді де мағыналы болады. Адамгершілік, үлкендерді құрметтеу, сыпайыгершілік және мейірімділік сынды адами қасиеттер жақсы өмір сүруіміздің айқын дәлелі. Жас өскелең ұрпақты жақсылықтың қайнар бұлағымен тәрбиелей отырып біз ұлтымыздың болашағының іргесін қалаймыз. «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» , «Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында», «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші», «Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды. Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды» деген сынды халықтық мақалдар арқылы бұрынғы ата-бабаларымыздың бала тәрбиесінде жақсылықтың алар орнының маңызды болғанын байқаймыз. Өзгеге жақсылық жасау біздің көрегенділігіміздің дәлелі болмақ. Жақсылық жасау тек қиналғанда қол ұшын беріп,көмектесумен шектелмейді. Сонымен қатар жақынынан айырылып, қиналып жүрген жандарға сөз арқылы жақсылық жасауға да болады. Қиналып тұрған жанның жүрегіне қуаныш сыйлап, қасынан табылып сөзбен, іспен көмектесе алған адамның бойында жақсылық пен қоса адамгершілік қасиетінің басым екенін көреміз. Бұл өмір өткінші әрі уақытша. Ендіше, аз ғана уақытта бір-бірімізге әркез жақсылық жасап, қасымыздан табылып, қолдап жүргенге не жетсің?!