Магниттік дауыл (реферат)
Бірнеше ғасырлар бойы адамзат тарихында магниттік дауылдарды адам іш құрылысындағы канның лейкоциттер мен эритроциттердің санымен салыстырған. Бұл жөнінде талай ғалымдар пікір таласқа түсіп, бұның шешімі осы ғасырға дейін анықталмай келеді. Қазіргі кезде осы салаға байланысты әр жерде зерттеуге салынуда.
Жалпы магнниттік дауыл кезінде лекимия немесе анемиямен ауыратын адамдар біршама зардап шегіп, көпшілігі ауруханаларға бірнеше күн жатуға тура келді. Яғни адамның қанындағы лейкоциттер белгілі бір цикл өткен кезде сол циклге сай келмей қалады екен. Ал денсаулығы сау адамға мұндай процестер сезілмейді.
Магниттік дауыл цикл бойынша 2004 ж болуы керек болды. Оны біз болды ма жоқ па біле алмаймыз, себебі арнайы приборларымыз жоқ. Соған қарамастан, 2004 ж бірнеше адамдар осы аурумен ауырып, ауруханалар адамға толды. Қайтыс болған адамдардың саны өсті. Дәл осы жылы антипичная плевмания дерті миллиондаған адамның өмірін әкетті. Цикл біткен соң бұл ауруды тарататын вирустар лезде жойылып кетті. Мұндай мысалдарды тізбектеп отырып көрсетуге болады. 1939 ж бүкіл Азияны шегіртке қаптап кетті, осының салдарынан егіншілікке соққы тиіп, шегірткемен бірге жазыла қоймайтын ауралар тарады. Тағы да сол сияқты, бір жылдары тиындар жылы болды. Бұл кезде ақ тиындар құтырық ауруына шалдығып, барлығы оңтүстіктен солтүстікке ауған. Дәл осы жылы кенелер қатты улы болып, шаққан адам бір күн болмай қайтыс болып жатты. Ақ тиындар жүйке жүйелерінелеріне дауылдың әсерінің болғаны соншалық, олар дөй дала тобыр болып жан жаққа безіп, орманды жерлерде үстеріне кене жабысып, кенемен уланып, әр жерге әр түрлі дерт таратты. Күннің активтігі бәсең болған кездері бүкіл жер тынышталғандай болады.
Енді магниттік дауылдың адам қанына қалай әсер ететіне қайта тоқталайық.
Қан- адам ішкі денесіндегі ең негізгі тіршілік көзі. Қан арқылы қоректік заттар, су, ауа тарайды. Қан құрамының дұрыс болуы жүйке-жүйесін жақсартады. Жалпы адам бір механизмге ұқсас, одан бір ерекшелігі сезе біледі.
Күннің активтігі арта бастған кезде адамның психологиясы күрт өзгереді. Нерв жүиесімен ауыратын адамдарға тіпті күшті әсерін тигізеді. Бұл кезде адамдар ашушаң, тез заланғыш келеді. Қылмыстық істер көбейеді. Бұл туралы кезінде А.Л. Чижевский айтып кеткен болатын. Бірақ оны адамдар мисцицизм деп санап, көптеген ғалымдар онымен келісе қоймады. Бірнеше жылдар өте келе бұл ақиқатқа таяу келеді.
Жалпы адам туған жылына, айына, күніне байланысты 12 жұлдызнамаға бөлінеді. Соған сай әрбір адамның өзіне арналған белгілі бір планетасы болады. Астрологтар бұны қалай болжайды? Менің ойымша күннің активтігі қатты болмаса да, күннен сәл болса да корпускулалық ағын бірнеше планеталарға әсерін тигізіп отырады. Бұл құбылыс адамның жан табиғатына тікелей болмаса да жанама әсерін тигізеді. Адамның жүйкесі өзінің планетасымен үнемі байланыста болады. Сол арқылы астрологтар адамдардың алдында не күтіп тұрғандығын дәлме-дәл айтып береді. Адам оны білмейді, бірақ астрологтар не айтты соны құштарлана, не болмаса еріксіз жасап отырады. Мысалы, сіз белгілі бір күні кинотеатрға немесе тағы бір жерге сондай барғыңыз келді, бірақ сіздің жұлдызнамаңызда бұл күні сізді сәтсіз күндер күтіп тұр дейді. Бұл сөзге бағынбай барсаңыз, жол ортада қапы қаласыз. Магниттік дауыл кезінде планеталардың магниттік аймағының айналысы қатты күшейіп, адамдарға кейде кері жағы тиіп, кейде пайдасы да тиіп отырады. Мысалға алатын болсақ, бұл кезде адам белсендік көрсетеді немесе бір орында қозғалмай тығырыққа тіреледі де қалады. Осындай кездерде әрбір адам жан күйзелісіне ұшырамауы керек. Көпшілік адам мұндай жағдаймен күресе алмай, психикалық зардап шегеді. Сондықтан ол бұл өмірде өзін пивсимистік жағдайда ұстайды, өмірге құштарлығы азаяды. Кей кезде астрономдардың айтқаны дәл келе бермейді, оның себебі сіздің дәл қай сағатта пайда болғаныңызға қарай берілмейді. Ол жалпы күндер бойынша анықтайды.
«Как быть богатым», «Как быть удачливым» сол сияқты кітаптар әр адамның психикасы мен жұлдызнамасына негізделіп жазылған.
Жер бетіндегі бүкіл, тіршілікке болмасын, өлі табиғатқа болмасын барлығына магниттік дауыл әсерін тигізеді. Мысалы, біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғ-да Рим жазушысы Катон Старший «Күн бұлыңғыр» болған жылы қара бидайдың нарқы арзандайтынына назар аударған. ХҮІІ ғ.да өмір сүрген әйгілі ағылшын астрономы Вильям Гершельді Күндегі дақтың жердегі өсімдіктерге әсері бар екендігі қызықтырған. Ол кезде 11 ж.қ циклды ешкім білмеген, бірақ астрономдар әр жылда Күндегі дақ әр түрлі болатынын байқаған. Гершельдің зерттеуі бойынша Күндегі дақ неғұрлым көп болған жылдарда бидайдың бағасы соғұрлым арзан болғандығын анықтаған.
Франция шарап бағасының ауытқуы Күн бетіндегі даққа байланысты екені байқалған. Күн жауын-шашынды бұлыңғыр болған жылы жүзім мол болып, шарап арзандаған.
1969 ж Ленинград биологтары И.И. Минкевич, Т.И. Захарова және Н.А.Шибкова ауыл шаруашылық дақылдарының зақымдануын Күннің активтік жағдайына байланысты екендігі дәлелденген. Әрине, Жердегі әр аймаққа Күннің активті жағдайы әр- түрлі әсер етеді: бір ауданның астық өнімі көбейсе, көпшілігі зиянға ұшырайды. Сол сияқты Қазақстанда да алма бақшасы бір жылы қатты өнім беріп, дәмі тәтті әрі өте шырынды болып келеді. Бақшамен айналысатындар бұл кез әрбір 10-11ж аралықта болады деп айтып отырады.
Шамамен алғанда 2005- 2006 шы жылдары бұл құбылыс байқалуы мүмкін.
Сонымен бірге Шығыс Қазақстан, Көкшетау облыстарында балқарағай (кедровое дерево) өсімдігі жақсы өнім беруі мүмкін.
1892 ж орыс ғалымы Ф.Н.Шведов ағаштың қалың қабатынан Күн құбылысының әсерін аңғаруға болатындығына көңіл бөлген. Ал Дугластың зерттеуі Шведовтың ашқанын жетілдіре түсті.
1948-1949ж совет биологы М.П. Скрябин Күннің ғасырлық циклінің іздерін орман тіршілігінен, саздақ жер қабатынан, ағаштар түрініңөзгеруіненбайқаған. Орманның тіршілігі Брикнердің 33 ж,қ цикліне сай келеді. Күн климатқа, ал оның өзгеруі өсімдік тіршілігіне әсер етеді.
Ал енді өлі табиғатқа келетін болсақ, б.з.б Гренландия жерінде климат мүлде өзгеше болған. Мұнда ауа райы жылы бір қалыпты болған. Мұның дәлелдемесі қазіргі кездерде Гренландияның еріп қалған жерінен бұрыңғы кездің тастан жасалған құралдары табылған. Бұл кезде осы жер тұруға ең қолайлы, шұрайлы жерлері көп құрлық болған. Мұнда пілдер, мамонттар, жирафтар мекен еткен. Күннің жыл сайынғы өзгерісіне байланысты жердің де климаты өзгеріке ұшырайды. Мысалы, өзіміздің жеріміздегі Арал теңізін алсақ, бұл теңіз кезінде суы арнасынан асқан ең көлемді теңіздердің бірі болған. Ал қазір ол теңіз географиялық картадан қарағанда «көлшікке» ұқсап барады. Тағы бір мысал, қазіргі Сахара деп жүрген жеріміз, бұрын ағаштары жайқалған суы мол жасыл алқап болған. Орталық Сахарада Тассили-Аджер деп аталатын тау бар. Ол тас баспалдаққа ұқсас. Оның кейбір үстірттері теңіз деңгейінен 200м биікте жатыр. Оның ұзындығы 800км, ені 50км. Қазіргі кезде бұл жерде ешкім тұрмайды, ал ерте кезде, ылғалды жылдары, жартастардың арасындағы қуыста, үңгірлерде адамдар өмір сүрген.
Алақан - телескоп
Бесіктегі бала ілулі тұрған заттарды, ойыншықтарды не екенін білу үшін қолын созады. Ересек адам да заттың не екенін, қандай екенін білу үшін оны ұстап, сынап көреді.
Сезім – білудің ең алғашқы баспалдағы, сыртқы әлеммен байланыстың бастамасы. Мұндай сезімталдықтың төркіні – адамның терісі, сондағы көптеген жүйке тамырлары.
Теріде электр заряды бар екені, адам мен жануардың тіршілігі электр және магнит өрісімен байланысты екенін көптен бері белгілі. Мұндай байланыстың әсіресе жүйке жүйесіне және терінің бетінде орналасқан жүйке тамырларына қатынасы бар. Электростатикалық машина сияқты адам денесі электр зарядын шығарады. Сонда терінің әрбір нүктесінің өзінің статикалық электр потенциалы бар, былайша айтқанда, өзінің электр энергиясының шамасы болады.
1950 жылы терінің активтік нүктелеріндегі, жүйкенің түйінді жерлеріндегі статикалық электр энергиясының мөлшері әр адамның жағдайына және оның денсаулығына байланысты деп дәлелденген. Егер қандай да болсын ауыр науқас басталса, онда терідегі стаикалық электр энергиясының мөлшері бүкіл денеде тек аурудың түріне қарай белгілі бір мүшелерде ғана өзгереді.
Соңғы жылдары Киев қаласының бір топ дәрігерлері профессор А. К. Подшибякиннің көмегімен өте қызықты мәліметтер алған. Адам терісі күннің активті жағдайы болар алдында өзгере бастайды. Кей адамның терісі өте сезімтал болса, магнит өрісі күшеюден 3 - 4 бұрын потенциал мөлшері дейді. Ал терісі нашар сезетін адамның потенциал мөлшері 1 – 2 күн қалғанда ғана өзгере бастайды.
Сонда адам терісі биотелескоп сияқты. Адам терісінің электр потенциал мөлшерін өлшеу нәтижесінде 2 – 4 күн бұрын күнде болатын жарқылдың немесе күннің кенет активті жағдайын болатыны болжауға болады.
Күн тек кей адамның психикасына күн ілгері әсерін тигізе алмауы мүмкін.
Владимир Павлович Десятков – сот – экспертиза дәрігері, Томск медициналық институты кафедрасының доценті. Ол өзінің мамандығына байланысты өліктердің денесін жиі ашып көріп тұрады. Бірде ол күнделікті жұмысындағы таң қаларлық есепке назар аударған. Кей күндері мүрдехана өлікке толып кететінін, кей күндері әдеттегідей, ал кей күндері бос болатыны байқаған. Әрине ол физик болмағандықтан А. Л. Чижевскийдің Күннің периодтық әері туралы еңбектерін білмейтін. Сондықтан да аң – таң болып жүріп, ойын өзінің танысына айтқан. Ал таныс физик болған жағдайдың уақытын тәптіштеп сұраған. Сонда мүрдехананың өлікке толған күндері ионасфераның қозған күніне және өте күшті радиобөгеттері пайда болған күнге тура келгені анықталған.
Сонымен қатар, В. П. Десятков автомобиль авариясы мен апаттардан болған оқиғаларды да зерттеп, нәтижесінде мынандай қорытындыға келген: Күннің «тыныш» кезімен салыстырғанда Күннің жарқылын автомобиль авариясының болуы 4 есе артық екен.
Қорытындылай келгенде жалпы бүкіл адамзат пен ғаламзат жер шарында бір заңдылыққа бағынып, күннің активті жағдайына әркелкі әсер етеді. Сол әркелкілікті әр жерде түрлі ғалымдар қилы болжам айтып, дәлелдеп бұл заңдылықтың мәнін шешуде. Менің ойымша осы әрбір заңдылықты түсініп, оны өзгертуге болады және оның жаман әсерлерінен шығудың жолын ойластырып адамзатты сақтап қалуға әбден мүмкіншілік бар. Кім біледі, тұрған жеріміз қаншалықты өзгеріске ұшырауын. Оның алдын алу әрбіреуіміздің қолымызда!
Менің мақсатым, агниттік дауылдың бүкіл әлемге, бүкіл тірі дүниеге қалай және неліктен әсер ететіндігін ашып көрсету. Бұл өзімнің жеке қызығушылығымнан пайда болып отыр. Мен жеке өзім, адамдардың денсаулығы қандай жағдайға байланысты нашарлайтынын және не себепті ауытқып отыратынын толығымен білгім келеді. Болашақта бір пайдасы боларына үміттенемін.