Кітап – рухани байлық. Шығарма
«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» бұл мақалды біз алғаш мектем табалдырығын аттаған сәтімізде апайымыз жаттатқызып еді. Уақыт өте бұл сөздің растығына көзімізді жеткізудеміз. Расыменде, кітап – біздің рухани досымыз. Ұзаққа сапарға шыққанда сенімді серігіміз, әркез қасымыздан табылып, көңілімізге қуаныш сыйлап, жадырататында өзіміздің жақсы көретін кітабымыз.
Кітап оқу ойымыздың дамуына, қиялымыздың ұшқыр болуына, сөздік қорымыздың артуына өзіндік зор ықпалын тигізері анық. Кез келген өмірдегі сұрақтардың жауабын кітаптан табамыз. Оқып, білген дүниелерімізді өмірде қолдана отырып мәселелерді шешуге тырысамыз. Бойына ақыл мен білімді сіңіре алған кітапты оқудың бізге көп пайдасы бар. Кітап оқып жатып біздің ойымыз бен қиялымыз дамып, сөздіқ қорымыз артып, сөйлеуіміз дұрыстала бастайды. Оқу арқылы біз табиғаттын сан алуан ерекшелігі мен құбылыстарын көре аламыз. Әлемді таңып, оның әсемдігіне тамсана аламыз.
Қазіргі таңда кітапты көп оқымайды деген түсінік қате деп ойлаймын. Барлыға электронды болғасын кез келген мәліметті интернеттен алып, қарай саламыз. Алайда, кітап қашанда өз құндылығын жойған емес. Кітап әркез қымбат әрі қадірлі болмақ. Электронды кітаптарға да сұраныс көп. Кейбір жұмысбасты кісілерге осылай оқу тиімді болса, кейбір жандарға кітапты қолмен ұстап, оның ғажап иісін иіскеп, парақтарының шықырлаған дауысын естіп оқыған өзінше ұмытылмас әсер етеді. Жалғыз қалғанда кітап адамның өз-өзіне деген сенімін арттырып, бойына күш береді. Мұның бәрі кітаптың әркезде құнды екенін аңғартса керек.