Кітап туралы шығарма. Кітап білім бұлағы

Oinet.kz 21-12-2019 30187

Кітап – рухани досымыз. Адам жаратылысынан білімге, ізгілікке, көрегенділікке жаны құмар болып  өсіп, жетіледі. Бұл жолда оның сенімді серігі, шынайы досы кітап екені анық. Кітаппен достасқан адамның бойындағы парасаттылық пен ақылдылық сынды қасиеттері жақсарып, адам өз ойын нақты әрі ашық айта алатындай болады.

cover_b9b002208b874b45532ae303614eb487.jpg

Кітапты көп оқу  ойлау жүйеміздің жақсаруына, қиялымыздың дамуына, сөздік қорымыздың артуына өзіндік ықпалын тигізеді. Барлық білім кітапта. Кітаптың өзіндік түрлері де болады. Әуелгіде, кішкентай балаларға оқылуы жеңіл ертегі кітаптарын, кейіннен қысқа әңгімелер жинақтарын оқу дұрыс. Уақыт өте ойлау қабілеті мен қиялы артқан сайын көлемді шығармалар мен қомақты романдарды оқу жеңілдене түседі. Өмірдегі кез келген құбылыстар мен мәселелердің жауабын кітаптан табамыз. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Бүл сөздің астарында терең білімділікпен қоса рухани байлықтың өзегі жатыр. Рухани бай болғымыз келсе кітапты үзбей оқып, түйген ойымызды өмірде қолданып, әрбір айтып жатқан сөздерімізге аса мән бере қарасақ өмірдегі өз орнымызды табуға септігін тигізері анық. Барлық ұлттың тарихы мен өнерін өз бойына жазып жүрген кітап қашанда қымбат дүние. Кітапты аяқасты етуге, оған құрметсіздікпен қарауға мүлдем болмайды. Әркез қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің көрегенділігіміздің көрінісі болмақ. Ендеше, ойымыз бен өмірімізді жақсартқымыз келсе кітапты үзбей оқып, жаратылыс пен табиғаттын сырын ашуға ұмтылайық.

Алғашқы махаббат. Шығарма
Кітап – рухани байлық. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу