Қой туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 2563

Қора толы қойыңды қотыр тоқты бүлдірер.


Қой үріккен жағына беттемейді.


Қой шелді болмай,

төлді болмайды.


Қойың болмаса, байлықта ойың болмасын.


Қой асығы демеңіз,

Қолыңа жақса, сақа тұт.

Картинки по запросу қой

Құрттаған қой құдық басында.


Ақсақ қой ауыл қасында,

не құдық басында.


Күн батса, қойға соқпақ табылады.


Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды.


Жүн керек болса, қойды қазанда қырық,

Қой керек болса, мизамда қырық.


Қойды күзде құмға айда,

Жаз шыққанда шымға айда.


Жаман қой ісегінде қартаяды.


Қой көрмеген көргенсіз қуалап жүріп өлтірер.

Бұзау туралы мақал-мәтелдер
Қозы туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу