Жылқы иісі...
04-11-2023
Түй - түлік басы.
Түйе қараған жауға жолығар,
Сиыр қараған тойға жолығар.
Түйе тулап жүктен құтылмас.
Түйені тұзға айда.
Түйе қартайғанда көшегіне ереді.
Нар баласын қарпып сүйер.
Түйелі ел - қырға,
Түйесіз ел - сырға.
Елсізде екі түйе айда.
Буыршынды бура бұзар,
Пәйкелді бұғы бұзар.
Базарда түйе пұл десе,
Ауылда қотыр тайлақ ойнақтайды.
Жолаушыға лайық жол тұрады,
Жампозға лайық қом тұрады.
Керуен кері айналғанда,
Ақсақ түйе алға шығады.
Түйе атасы - нар,
Ағаш атасы - шынар.
Бурадан пішкен азбанға,
Буырщын басып шөге алмас.
Ботасы бар түйе боздамай жем жемейді.