Жылқы туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 2819

Жылқы - малдың патшасы,

Түйе - малдың қасқасы.


Жылқылы елде жау көп,

Жатақ елде дау көп.


Жылқыны жауында, қойды дауылда көрме.


Көшпелі елге түйе қол,

Жылқылы елге бие қол.

жылқы туралы мақал мәтелдер.jpg

Ердің ісін ауыр қылма,

Сәйгүлікті жауыр қылма.


Жылқының басы мың қаладан қайтады.


Жігіттің сорлысын,

Жылқының жолдысы теңейді.


Жорға мінген жолда қалады,

Жүйрік мінген қолды болады.

Түйе туралы мақал-мәтелдер
Тұлпар туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу