Жылқы иісі...
04-11-2023
Осыған дейін БАҚ беттерінде Маңғыстау облысында жұт басталғаны туралы фото, видеолар тарады. Фотода арып-ашып қу сүйегі қалған төрт түлікті көруге болады. Күні кеше желіде картон жеп тұрған түйелердің видеосы тарады. Видеоны көрген көпшілік жұт салған ылаңға налып, жүректері ауырғанын жазды.
Жақында танымал заңгер Айгүл Орынбек Батысқа барып жағдайды өз көзімен көріп келгенін айтты. Ол Үкіметтен қайран жоқ екенін айтып, жұртты асарлатуға шақырды.
"Үкіметтен қайран жоқ, өзіміз асарлатайық халқым!
Батыстағы жағдайды өз көзіммен көріп келдім. Жағдай шынында да қиын!
Оңтүстік те қандай бір жағдай болмасын су басып, снаряд атылғанда ең бірінші батыс халқы қол үшін созып көмегін береді.
Оңтүстікте бір ер азамат табылмады ма?
Батыс жаққа асарлатып жем, шөп жинап жіберетін?
Әрбіріміз бір қап шөп, бір қап жем алып жіберетін болсақ теңіздей болмаса да, көлдей көмек болады емес пе? Оңтүстіктің тепсе темір үзетін жігіттері осындайда қайда? Әшейінде қыздар қауымына жыр арнап шығатын, «типа намысты” айтыскер ақын жыраулары ше? Еліміздің батыс жағында мал қырылып жатыр, намыстарың ұйықтап тығылып жатыр ма?
Ояныңдар Ерлер!" - деп жазды блогер.