Дау туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 02-01-2020 1977

Дау арылмас, алтын шірімес.


Дауға барсаң, бірің бар,

Жауға барсаң, бәрің бар.


Дау -айтыс, барымта - қайтыс.


Бір дауда екі күнә жоқ,

Бір істе екі жаза жоқ.

Картинки по запросу ұрыс керіс

Жаманның көңілің ауласан да,

дауын даулама.


Екі мақұл дауласса,

Сөздері асқар ала таудай болар.


Дауды шешен бітірмейді, шебер бітіреді.


Даукес түсінде дау көреді.


Жауға барсаң, кесерді ал,

Жауға барсаң, шешерді ал.


Нау жүрген жерде дау жүреді.

Менің ұстазым. Шығарма
Менің алғашқы сынып жетекшім туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу