Менің ұстазым. Шығарма
Ұстаз – өмір жолындағы кезіккен қиыншылықтар мен мәселелердің түйінің шешуді үйретуші жан. Баланың өмірде өзіндік орнын табуына ұстаздың тигізер әсері мықты. Ұстаз жаратылысы әрқашанда да ерекше әрі жанашырлыққа толы ғой. Өз перзенттерінен бөлек өзгелердің балаларына қамқор көрсетіп, оларға өмір жайлы көп тәлім-тәрбие беретін де ұстаздың асқан мейірімділігімен қатар парасаттылығы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөздің астарында терең мағына мен ұстаз бен шәкірт арасындағы махаббат жатыр. Менің ұстазым – әлемдегі ең ғажап әрі білгір жан. Менің өмірде өз орнымның табуыма және өзіндік көзқарасымды қалыптастыруыма ұстазымның қосқан үлесі зор. Ол кісінің айтқан әрбір ақылы маған тура жолды табуыма көп көмектесті. Ұстазым тек білім мен ілімді үйретіп ғана қоймай, сонымен қатар өмірде кезігетін түйіткілді мәселелердің шешімің ақылмен, парасаттылықпен шешу керектілігі жайлы да үйретіп жатыр. Мұғаліміміз екеуміз көп сыраласамыз. Өмір жайлы, адамдармен қарым-қатынас орнату мәселелерінде, денсаулық тұрғысында да ол кісі көп ақыл-кеңесін айтып отырады. Ұстазым екінші анам секілді болып кеткен. Мені уайымдап, мұңайсам көңілімді көтеруге, қуансам менімен қоса риясыз қуанатын жан. Менің өз қолыммен жасаған дүниелерімді мақтап әрі сыни көзқараспен кемшіл тұстарын айтып отыратыны үшінде ол кісіні құрметтеймін әрі қадір тұтамын. Жақында пәндік олимпиадада бас жүлдені алған кезімде ұстазымның риясыз қуанғаны мен көзіңдегі жасты көргенімде «мен қандай бақытты шәкіртпін» деп өз-өзіммен масаттандым. Ұстазымның маған деген риясыз махаббатына дән риза болып, ол кісінің жүзің жерге қаратпауға, маған артқан сенімін ақтауға бел байладым. Осы әлемде үлгі тұтатын бірден бір жан – менің ұстазым. Өскенде ұстазым секілді бойында парасаттылығымен қоса ақылы биік жан болғым келеді.