Ашаршылық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 02-01-2020 2470

Аш адам Құдайын ұмытады.


Аштың ақылы тамағында,

Жаудың ақылы табанында.


Ашаршылықта бай баласы бұрын өледі.


Аш ауыл айранды бұрын ішеді.

Похожее изображение

Қарны ашқан кәрі дауын даулайды.


Қарны ашқанға қара нан май татыр,

Шөлдегенге қара су бал татыр.


Аш отырып, ас таңдайды,

Жаяу жүріп, ат таңдайды.


Ашқа қазан астырма,

Тоңғанға от жақтырма.


Аштан өлген кісінің моласы жоқ.


Ашты қусаң да, құмалақ шықпайды.


Аш адам

алты көрпе жамылса да ұйықтай алмайды.


Аш адамға бір атан жүк те аз көрінер.


Байлар ашты тоқ санар,

Аш жаманын жоқ санар.


Құлағынан күн көрінген.

Кедейлік туралы мақал-мәтелдер
Байлық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу