Байлық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 10-01-2020 2281

Байда пейлі болса,

Кедейде мейір болады.


Жасауды алты жастан жинаса, асады.

Жеті жастан жинаса, жетеді.


Түгін тартса, түбінен май шығады.


Жүзді айдап, бірді жетелеген.


Бай кісі балпаң, 

Жарлы кісі жалтаң.

Картинки по запросу богатство

Басытқыға бал ішкен,

Сусынына шай ішкен.


Бай тоқ болмас,

Батыр аш болмас.


Қыста ызғар, жазда шаң тимеген.


Ақырғы бай түбі аштан өледі.


Сыртың сыйлы болғанша, 

Ішің майлы болсын.


Етек толғанда тезек кездесер.


Пайдасы жоқ байдан без,

Панасы жоқ сайдан без.


Бай бастас, батыр құлақтас.


Байлық - ұрлықтың жемісі.


Ашаршылық туралы мақал-мәтелдер
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу