Дүниеқор туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 1746

Дүниеқор - дүниенің құлы.


Қарау бай жаназасына жинайды.


Алтын тапқан адам аштан өлер.


Абзал арын ойлайды,

Надан дүниеге тоймайды.


Ішіп тоймаған жалап болмас.

Картинки по запросу скряга

Қара судан қаймақ алған.


Іші қуырылмайды, пышағы суырылмайды.


Қауып жегенің - қақалғанын,

Ажалыңа тақалғаның.


Күң артында күміс жылтырайды,

Оны бәйбіше сұрайды.


Қылдан қиқым іздеген.


Ит көтінен ине сұраған.


Жеп жеті болмас, жалап жетпіс болмас.


Дүниеқоңыздың ішінде шайтаны бар.


Дүние деген - сордың суы,

Іше берсең кептіре береді.

Сараңдық туралы мақал-мәтелдер
Мақтаншақтық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу