Мақтаншақтық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 2809

Мақтанған мастан бетер.


Жетім бала жасқаншақ,

Жетесіз бала жасқаншақ.


Көзіне мақтаған - көлгірдің  сөзі,

Сыртынан мақтаған - көңілдің сөзі.


Құлды мақтайын десең алысқа сат.

мақтаншақ.jpeg

Мақтаншақ өз дамбалын былғайды.


Құдайдың кенже ұлындай.


Дүрмек бар жерде даңғой бар.


Сылдыры бар да, салмағы жоқ.


Қотыр қолда қола сақина.


Бар мақтанса табылар,

Жоқ мақтанса шабылар.


Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.


Оттай орақшы, жаудай қарақшы.


Ісінбе - кеберсің, тасыма - төгілерсің.


Есердің мақтағанынан,

Естінің даттағаны артық.


Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі.

Дүниеқор туралы мақал-мәтелдер
Менің інім. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу