Сараңдық туралы мақал-мәтелдер
Сараңның қолы қалтырауық.
Сараң асын бермейді, көзінің жасын береді.
Сараңға саңыраулық қонады,
Естісе де, естімеген болады.
Сараң байлығына жүкші ғана.
Сараңдық ауылдастан, не бауырластан жұғады.
Соқырда екі көз жоқ,
Сараңда бір көз жоқ.
Піс қазаным бес ай.
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
Сараң санға қосылмайды.
Жомарттың бергенн көріп,
Сараңның іші күйеді.
Қас екенін қабағынан таны,
Сараң екенін табағынан таны.
Әйел жомарт қылғанда,
Еркектің сараңдық қылғаны - өлім.
Боғын боталы түйе қылады.
Сараңның сәбізі сарай түбінде жатады.
Сараңның жиған малы арам.
Сараң бай союға қозы таппай,
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрапты.
Сараң үйге кісің түспесін,
Парақорға ісің түспесін.
Сараң - малдың құлы.