Әке туралы шығарма
Әке – біз сүйеніп тұратын асқар тау. Бұл жалғандағы біздің сенімді серігіміз, бізді әрқашан жақсы көретін, қуаныш пен қайғыда да қасымыздан әркез табылатын ірі тұлға – әкеміз. Әкеміз барда кез келген қиыншылықтар мен мәселелерді оңай әрі тез шешеміз.
Әке тәрбиесін ешқандай мектепте, ұстаздар да бере алмайды. Бізді жұрттын балдарынан кем етпеу үшін күндіз-түні тынымсыз жұмыс жасап, оқуымызға ықпал жасайды. Әке – шаңырақтағы барша ауыртпалықты көтеретін отбасы шамшырағы. Отбасыдағы әке орны әрқашан да қастерлі. Аналарымыз әркез «әуелі әкең бастасың», «әкеңнің жолын кеспе», «әкеңнің сөзін бөлме» деп ол кісінің отбсыдағы құрметі мен беделің арттырып отырады. Әке мейірімі шексіз, бірақ ол кісінің өзіне сай өзіндік мысы да болуы қажет. Әкенің сөзіне тоқтап, ол кісіден именіп тұру да дұрыс-ақ. Ол кісінің әр айтқан сөзі бала үшін өмірлік сабақ пен сарқылмас тәрбиі көзі. Отбасыда әкеге деген құрмет артқан сайын ол отбасының берекесі мен бірлігі арта түспегі анық. Әкелер тек отбасының ғана емес, сонымен қатар ауыл мен елдің мәселелерін шешіп, елге тынымсыз қызмет жасайды. Баланың әрбір жетістігіне әке-анадан артық ешкім қуанбас. Әрбір кішкентай жетістігінің өзі олар үшін зор мәртебе, зор қуаныш. Әке жайлы көптеген әндер мен өлеңдер бар. Әндер адам көңіл-күйіне тікелей әсер ете алады. Кейде әкемізді сағынғанда әндерді тыңдап, бір сәт жүректегі ұмытылмас естеліктерді еске түсіріп, қуанып қаламыз. Ата-ана разылығы – Алла разылығы. Демек, бұл жалған ғұмырда ата-анамыздың разылығын алу әрбіріміздің қастерлі парызымыз.