Менің бауырларым. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 38624

Бауыр дегеніміз бір ананың жатырынан таласып шыққан жақынын. Бұл өмірде бауырынан асқан жанашыр жан табыла қоймас. Өмір есігін ашқан сәттен бастап жаныңда әркез әке-шешең мен бауырларын болады. Сенің барлық өмірене куә жандар. Мен көп балалы отбасының кенже қызымын. Бауырларым көп, Аллаға шүкір.

_1308-20366.jpg

Кішкентай кезімде мені жуындырып, киімдерімді ауыстырып, тамақтандырған, маған қараған, мені өсірген екінші әпкем. Мен ең алғаш анама емес, әпкеме «мама» деген екенмін. Менің екінші  анам – әпкем, яғни бауырым. «Ет пен тырнақ ешқашан ажырамайды» деген сөзде терең мағына мен бауырға деген шексіз махаббат бар. Расыменде, бауырларымызбен қанша ұрсысып, бір-бірімізді ренжітсекте ол реніш көп уақыт өтпей ұмыт болады. Қайтадан күліп-ойнап жүре береміз. Өміріміздегі ең жарқын сәттер бауырларымызбен тікелей байланысты. Әлемдегі ең ұлы махаббаттардың бірі әрі бірегейі бауырлар арасындағы махаббат. Бұл махаббатты сөзбен жеткізе алмайсын.

Бауыр – әркез саған жақсылықты тілеп, қуансаң балаша мәз болатын, мұңайсаң қабырғасы қара жердей қайысатын жан. Кішкентай кезімізде бәріміз үйде бірге болдық. Уақыт өте әпкемдер өз шаңырақтарына қалықтап ұшып кетті. Қазір әр қайсысы бір отбасының түтінін түтетіп отыр. Кейде қара шаңырақта бас қосып жиналғанымызда бұрынғы сәттердегі қызықты оқиғалар мен естеліктерді, әрқайсысымыздың кішентай кездегі тәтті қылықтарымызды еске алып, күліп отырамыз. Бауырлар ғажап сәттерімізді еске салып отыратын мұрағат іспеттес. Олармен өткізген әр сәт алтынға бергісіз ғажап сәттер.  Мен бауырларымды шексіз жақсы көремін.

Динозаврлар тарихы (реферат)
Ауа-райы туралы шығарма.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу