Менің ауылым. Шығарма
Өзіннің туып өскен ауылың әрқашан да ыстық. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап өз үйіңде, жақындарынмен бірге өмір сүресің. Біз отбасымызбен ауылда тұрамыз. Менің ауылым әдемі әрі көрікті. Су бар жерде тіршілік болатынындай біздің ауыл сырлы Келес өзенінің бойында орналасқан. Табиғаты ерекше әсем. Топырағы егін егуге қолайлы, жерге түскен әрбір дән жайқалып өнім береді.
Өзен суы арқылы егістіктер мен ағаштарды суғарамыз. Әр көктем жаңбырынан соң қыр-адырларда шөптер өсіп, сиыр сүті молынан болады. Біздің ауыл тұрғындары егістікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Қыста аулаларға жылыжайлар жасап, сонда көкөністердің көшетін дайындап, ерте көктемде оны үлкен егістік алқабына қондырады. Оны уақытылы суғарып, арам шөптерден тазалап, өнімді көп алу үшін дәрі мен витаминдер береді. Әрбір үй сиыр, жылқы, қой тіпті тауықта асырайды. Сиырдын сүтін ішсе, тауықтын жұмыртқасы мен жылқының етін жейді. Жылқыны көлік ретінде де қолданады. Ауыл тіршілігі өзінше ерекше. Қыстың күні таңертең әр үйдің мұржасынан түтін шыққанына қарап сол отбасы мүшелерінің түннен түгел шыққанын байқаймыз. Азанда жас балалар сиырларды өріске айдап кетсе, үлкен кісілер кетпенін арқалап егістік алқабына жол тартады. Әйелдер аулаға сан түрлі әсем гүлдерді егіп, жайқалтады. Ауыл адамдары еңбекшіл болады. Ауыл кеші әркез өзгеше. Күн ұясына батар сәттегі сұлулықты сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Өрістен қайтқан сиырлардың мөңіреген, қойлар мен лақтардың мәніреген даусы, әр үйдің жанынан өткенде әрқилы тамақтың иісі, егістіктен қайтқан кісілердің бір-бірімен шүйіркелесе сөйлескен әңгімелерінін даусы бәрі-бәрі кешкі ауыл тынысын әсем бейнелейді. Бұл бір күндік ауыл тынысы. Мен ауылымды шексіз жақсы көремін.