Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды
Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
«Өзбекстанның Бас прокуратурасы Г.Кәрімова мен қылмыстық қоғамдастықтың құрамында бопсалау, бюджет қаржысын жымқыру және қылмыстық жолмен табылған кірістерді шетелде заңдастыру сияқты қылмыстарды жасаған өзге де азаматтарға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады»,-делінген Өзбекстан Бас прокуратурасының реси мәлімдемесінде. Қазіргі таңда қылмыстық іс қарау үшін сотқа жолданды.