Талап туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 3057

Талаптыға жол берер,

Өнерліге қол берер.


Талаптың жолы тастан да ауыр.


Талабы жоқ жас ұлан,

Қанаты жоқ құс.


Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.

Похожее изображение

Іздеген шығатын ағашын да табады.


Ізденбеген ілгерілемейді,

Іздеген табады, сұраған алады.


Көп іздеген көмбенің үстінен шығады.


Берер Тәңірім талап қылсаң,

Түк таппайды қарап жатқан.


Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады. 


Талмай іздеген таппай қоймас.

Жыл мезгілдері туралы шығарма
Геостационарлы орбита (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу