Құрмет Талапқазы қатты ауырып қалды (видео)
23-08-2021
Қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға асарлатып шөп жинауды қолға алған ерікті Құрмет Талапқазы ШҚО-ға барды. Ол еліміздің солтүстік, шығыс облыстарының әкімдігін "шөп жинау асарына ат салыспады" деп сынға алды. Ерікті азамат Семей әкімдігінің алаңқайына халықтан жиналған шөпті түсіруге кірісті, деп хабарлайды Oinet.kz KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Желіде жарияланған видеоүндеуінде Құрмет Талапқазы үш айдан бері жер-жерді асарға шақырып, шыдамы таусылғанын алға тартады. Ол әсіресе ауылшаруашылығы министрі берген бұйрықтың әлі күнге орындалмай жатқанына ашулы.
"Киелі Семей қаласына келдік. Жалғызбыз. ШҚО, Павлодар, СҚО, Қостанай әкімдігіндегі ағаларды үш ай күтіп-күтіп болдық. Ұйқыдан тұрыңыздар енді, болды ғой. Ауылшаруашылығы министрі бұйрықты бергеніне бір ай болды. Сіздер ешқандай қызықпай отырсыздар, ойлап та отырған жоқсыздар. Күтіп-күтіп болдық. Министрліктегі ағалар, сіздер де өз жұмыстарыңызды қадағалап атқарыңыздар.
Қағаз күйінде емес, арнайы бұйрық беріп, телефон соғып айтыңыздар. Әр ауылдан 20-25 вагоннан шөпті дайындап қойсын. Басқа айтарым жоқ. Үш айдан бері күттім. Қашан бұлар шығады деп, шөптің жырын айттым. Енді бұған ат салыспасаңыздар мен басқаша тілмен сөйлесетін боламын, қарамаймын ешкімге. Президентке де өтінішімді айттым. Мына жақта мал қырылып жатса, біздің үнімізді тыңдамасаңыздар басқаша позициямен өз үнімді жеткіземін", - деді еді ол өз үндеуінде жергілікті билік өкілдеріне.
Ерікті азамат ауылшаруашылығы министрлігіне, облыс әкімдеріне, кәсіпкерлерге техника шығарып, қол ұшын созуды тағы да өтінуде.
Құрмет Талапқазы Семей әкімдігінің асарға бей-жай қарап отырғанына өкпелі. Ол ел назарын аудару үшін халықтан жиналатын азын-аулақ шөпті дәл әкімдіктің алдына әдейі жинамақшы.
"Әкімдік бізді елемей тұр. Біз өзімізді елейтіндей етеміз. Кешегі сөзімде де айттым, халықтың атынан келгенде министрліктің, президенттің сөзін аяққа таптаса басқаша сөйлесеміз дегенбіз.