Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Елде қуаңшылық жайлап, малға жем-жөп жетіспей тұрған кезде елді қамыс орып, Батысқа көмекке жіберуге шақырған Құрмет Талапқазы ауырып қалды. Бұл туралы оның достары Facebook парақшасында хабарлады.
Қазір Құрмет Талапқазы Павлодарда жүр. Мұнда ол шөп оруды ұйымдастырып, оны әдеттегідей Батысқа көмекке жібермек. Дегенмен соңғы күндері оның денсаулығы сыр беріп, өзін жайсыз сезінген. Достарының айтуынша, оның аяғын ара шағып алған. Осы жайт оның сырқаттануының негізгі себебі болған. Сонымен қатар, ол "водовозбен" келген суді ішкен. Бұл да оның ауыруына себеп болуы мүмкін дейді достары.