Ұят туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 2027

Ұят - иманның қабы.


Әдеп - ар жемісі,

Ұят - адамдық белгісі.


Жүзі қараның жүзі таймайды.


Көзді ұялу үшін берген.


Ұят қашты дегенше, 

Етегін ашты дей бер.

Картинки по запросу стыд

Пасықта ұят, зұлымда опа жоқ.


Қызыл ет кетер,

Қызарған бет қалар.


Бетіне келген ұятын,

Өзі біліп жуса игі.


Тастақ жерде от болмас,

Қышыма тазда ұят болмас.


Қарабет жазылмайды,

Жара бет жазылады.


Өз бетін аямаған,

Кісі бетін шиедей етеді.


Ыстықтан ет күйеді,

Ұяттан бет күйеді.

Ғылымның, философияның және діннің арақатынасы (реферат)
Ниет туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу