Үміт туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 2635

Сағыныш - сары ауру,

Үміт -  талшық.


Көптен үміт еткен аздан құр қалады.


Өмірдің басы -  үміт, соңы - өкініш.


Талапсыз үміт - бос үміт.

үміт туралы мақал.jpg

Үміт өрге тартады,

Үмітсіздік көрге тартады.


Өмір үйі желде,

Үміт үйі сағымда.


Жазылармын деп ауру үмітті,

Байырмын деп жарлы үмітті,

Кетермін деп қыз үмітті.

Қазақ қызы жайлы ой-толғау
Жазмыш туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу