Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарланды. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді.
- Президенттің Баспасөз қызметі 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады, - деді Берік Уәли.