Түркістан: Сайрамдық депутаттар 10 отбасына көмір алып берді
«Nur Otan» партиясының «30 игі іс» акциясы мен «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері қайырымдылық жасады. Атап айтсақ, Қуатбеков Қадырбек пен Сиддиков Мухиддин өз қаражаттары есебінен әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына көмір түсіріп, қысқы отынмен көмек көрсетті.
Биыл қараша айында М.Сиддиков Қарабұлақ ауылындағы 5 отбасына, Қ.Қуатбеков Қарасу ауылындағы 5 отбасына көмір жеткізіп берді. Депутаттар орталық жылумен қамтамасыз етілмеген жеке үй тұрғындары, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топтағы азамттарға жалпы 30 тоннаға жуық көмір жеткізіп, демеушілік танытты. Ауыл тұрғындары оларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Бұл игі істердің бірқатары «Nur Otan» партиясының Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылды. Сайрам аудандық мәслихат депутаттары мен белсенді партия мүшелері көмекке мұқтаж тұрғындарға көмектесу азаматтық борышымыз деп санайды және қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған.
Облыс әкімі, партияың Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қоғамдық қабылдаулады жиілетіп, елдің өтініш-тілегін тыңдауды тапсырған болатын. Өңірде осы бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Соның ішінде Сайрам ауданында жыл басынан бері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 182 жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың 961 өтінішін қараған. Қоғамдық қабылдауға келген 548 азаматтың мәселесі оңтайлы шешілсе, 415 азаматқа заң аясында кеңестер берілген.
“Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі