Тұсаукесерге арналған құттықтаулар

Oinet.kz 01-11-2019 1748

Тұсау кесер
Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік-сахнадан.
 тұсаукесу.jpg

Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.
 
Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.

Шілдехана тойында айтылатын тілектер
Тұсаукесер тойына арналған құттықтау-тілектер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу