Тұсаукесер тойына арналған құттықтау-тілектер
Тәй-тәй басқан кішкентайымыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын! Өмір жолы ақ, түзу болсын! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін! Өмірі нұрға, көңілі жырға бөленіп жүрсін!
Кішкентай адамның басқан қадамы құтты болсын! арайлап атқан әр таңы қуанышқа толы болсын! көзінен жас ақпасын, жамандықтың дәмін татпасын! Қадамын сүрінбей басып, тек қана алға ұмтылсын, басына бақ орнасын, Қыдыр қолдасын!
Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәніки өзіңді сына да Секірсең құздардан сүрінбе
Шыңдарға шыққанда бүгілме.
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасың түгіңде.
Ұзақ боп Иншалла өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің.
***
Кесілді балам тұсауың,
Жалтақтамай аяқ бас!
Биік болып ұшарсың,
Асқарлармен қанаттас.